«Әкемнің бала кезінен тағдыры қиын болды». Қасым-Жомарт Тоқаев әкесінің соғысқа қатысуы жайлы — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Мир» арнасына берген сұхбатында Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан әкесі туралы айтып берді, деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Әкемнің бала кезінен тағдыры қиын болды. Ерте жетім қалды. Балалар үйінде, содан кейін интернатта тәрбиеленді. Көп уақыт өтпей соғыс басталды. Соғыс ол үшін тағы да батылдық пен төзімділіктің сынағы болды. Ол соғыста көп қиындықты басынан өткерді, оның үрейлі сынағынан өтті. Қорқыныш пен қайғы-қасіретті жеңе білді. Әйтсе де әкем басқа майдангерлер сияқты соғыс туралы, әсіресе өзінің ерлігі мен марапаттары туралы айтуды ұнатпайтын. Өзінің сезімі, жаумен алғаш бетпе-бет келуі, жауынгерлердің ерлігі, батырлығы және Жеңіспен үйге оралуы жайлы өзінің «Солдат соғысқа кетті» атты өмірбаяндық кітабында айтып берді», — деп еске алды әкесін Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет башсысы әкесінің бала кезінен білімге құштар адам болғанын айтып өтті.

«Әсіресе, қазақ тілі мен әдебиетке ерекше құмар еді. Соғыстан кейін ол әскери форма киген күйі балдақпен келіп, Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінің бірінші курсына түседі. Содан кейін ол журналист болып жұмысқа кетті. Жазушылықпен айналысты, жылдар өткеннен кейін лайықты марапат пен атаққа ие болды.

Ол қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаушы болып саналады. Мен жақында әкемнің 1945 жылдың ақпан-маусым айларында ауыр жарақат алғаннан кейін емделген Омбыдағы соғыс ардагерлері ауруханасының қасбетіне әкеме арналған ескерткіш тақта орнатылғаны туралы білдім. Мен әкемді және жалпы соғыс ардагерлерін еске алып, ұмытпай жүрген Омбы облысы мен қала басшылығына ризамын», — деді Мемлекет

stan.kz