Айзат Молдақасымова жаңа қызметке келді – Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы қаласының экс-санитарлық дәрігері жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Осыған дейін Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері лауазымын атқарған шенеунікті кейбір келеңсіз жағдайларға байланысты қызметінен босатқан. Қазіргі таңда бұл қызметті Жандарбек Бекшин атқаруда.

Ал белгілі бір себептерге баланысты қызметінен кеткен Айзат Молдаөасымова Жұматов атындағы эпидемиология және гигиена ғылыми орталығының басшысы қызметіне тағайындалған. 

Естеріңізге сала кетейік, осы уақытқа дейін Молдақасымова өзіне ең үлкен көлемдегі үстемақы тағайындағаны белгілі болған. 

Алматылық дәрігерлер Айзат Молдақасымованы сотқа бермек болған. Себебі Молдақасымова дәрігерлер қауіпсіздік шараларын сақтамағандықтан коронавирус жұқтыруда деп болжам жасаған. 

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз