11 қазан күні Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында жаңа қойылымның тұсаукесері өтті. 93-ші театр маусымының алғашқы премьерасы – Шерхан Мұртазаның аудармасындағы, Шыңғыс Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» драмалық қойылымы.

Қарапайым теміржолшы Едіге өмірдің ащы-тұщысын бірге өткізіскен қарт досы Қазанғапты оның аманаты бойынша «Ана бейітке» жерлемекші болады. Аса жауапты да имани бұл сапарында ол жеке адамдардан бастап тұтас бір мемлекеттік жүйенің қарсылығына тап келеді. Ата-баба сүйегі жатқан киелі жер бүгінде ғарыш айлағына тиесілі, онда өтуге рұқсат жоқ екен. Тарихи жадысынан айырылған жеке адам да, жүйе де мәңгүртке айналады. Қойылымда оларға қарсы жасампаз күш – қандай қиындықта да адамдығын жоғалтпаған, ата-баба дәстүріне, тіліне, діліне адал Едіге  өмірі баяандалды.

«Ғасырдан да ұзақ күн» драмалық қойылымына қонақта Асанәлі Әшімов пен қатар  шетелден келген сыйлы қонақтар да болды .

Жас режиссер Дина Жұмабаеваның режиссурасымен халық назарына ұсынылатын спектакльдің қойылым тобы:

Қоюшы-режиссер – Д.Жұмабаева,

Сахналық нұсқа – Ә.Мәмбетов,

Қоюшы-суретші және киім үлгісінің суретшісі – Ю.Чернова,

Музыкамен көркемдеген – Д.Жұмабаева,

Хореограф – Ш. Мустафина,

Режиссердің  ассистенті – З.Карменова,

Режиссердің көмекшісі – Г.Сейтімбет.

Айбала Нұрлан, KzNews

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз