Айсұлтан Рахат Тоқаевқа «қара сиқыр жасалған» деп мәлімдеді

0

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Айсұлтан Рахат Facebook парақшасында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың билікке қалай келгені туралы айтты.

Айсұлтан Рахаттың сөзінше, 1995 жылы АҚШ-тың арнайы қызметтері яғни Орталық барлау басқармасының агенттіктері Қазақстанда төңкеріс жасау әрекетін жүзеге асырмақ болған. Мұны айтуды өзіне «құдай жеткізді» дейді ол.

Сондай-ақ Айсұлтан Рахат Орталық барлау басқармасының (ОББ) агенттері Тоқаевты БҰҰ-да жұмыс істеп жүрген кезде сиқырлап, қара сиқыршылықпен байланыстырып, кенеттен Нұрсұлтан Назарбаевтың ең жақын және сенімді адамдарының бірі еткенін жазды.

«Оның басты міндеті – Ресейдің тұмсығының астында жүріп, хаос жасау, сол арқылы оны жою болатын. Бұл жоспар 1995 жылы жасалды. Алайда бұған жалғыз Құдай, Аврам, Ноя, Моисей, Давид пен Иса пайғамбардың құдайы араласып, АҚШ-тың ойлағанын оның өзіне жіберіп, сол жақта хаос орнатты» делінген жазбада.

Дереккөз: Қамшы