Айсұлтан Назарбаев: Проблеманы отбасының ішінен шешуге болады

0

22 ақпан күні Қазақстанда тыйым салынған ҚДТ (ДВК) жақтастары мен ҚДП (Қазақстан демократиялық партиясы) құру бастамашы тобы митингіге шығып жатқанда Айсұлтан НАЗАРБАЕВ халықты революцияға шақырмайтынын мәлімдеді.

«Келіссөз жүргізуге анам мен ағам келді. Ақша,  я болмаса өзімнің жағдайым үшін кездесдескенім жоқ. Алла бізге: «Мейірімді болыңдар» дейді. Сондықтан мейірім таныттым», – деп жазды ол фейсбуктегі парақшасына. 

«29 жасқа дейін қателікті де, басқаны да көрдім» деген Айсұлтан РАХАТҰЛЫ: «Ауыр болса да жерде де, көкте де Алла жолымен жүремін» дейді.

«Мен адамдарды революцияға шақырғым келмейді. Өйткені төңкеріс қан төгіссіз болмайды. Проблеманы отбасының ішінен шешуге болады деп есептеймін. Бірақ бұл үнсіз отырады деген сөз емес. Шындық үшін күресе бермекпін», – делінген жазбада.

Жалпы, қоғамда соңғы кездері Айсұлтан Назарбаевтың әлеуметтік желідегі жазбалары қызу талқыға түсті. Ол экс-президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ отбасының мүшелері жайлы, Ресей мен Қазақстан шенеуніктерінің парақорлықтары туралы да жазған. 2019 жылдың 13 ақпан күні Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен АБАЕВ Елбасы жиенінің ауырып жүргенін мәлімдеген болатын.

Neke.kz