Аймағамбетовтің 5 млрд теңге жымқырды деп күдікке ілінген орынбасары кім?

0

Қазақстанның білім және ғылым вице-министрі 5 млрд теңге жымқырған деген күдікке ілінген. Бұл туралы тергеу орындарына жақын дереккөзіне сүйеніп ҚазТАГ хабарлады.

Агенттіктің жазуынша, күдіктіге айып та тағылған көрінеді. Әзірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі бұл ақпарға қатысты түсініктеме беруден бас тартқанымен оны жоққа да шығармаған.

Nege.kz сайты редакциясының тергеу орындарына жақын дереккөзі ол күдіктінің есімін атады. Оның мәліметінше, ірі көлемде қаржы жымқырды деген айып тағылған адам Биғари Рүстем Айдарбекұлы болуы мүмкін.

2018 жылдың маусымында білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалған Рүстем Биғали 1976 жылы туған. 1999 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «Информатика және ЕТ» мамандығымен бітірген. 2015 жылы АҚШ-тағы Бостон университетінде магистратураны тәмамдаған. Интернеттегі мәліметтерге сенсек,  информатика, бақылау және басқару, «Киберқауіпсіздік» бағыты бойынша PhD доктор. Еңбек өтіліне қарағанда ұзақ жыл ҚР президенті әкімшілігінде сарапшы, түрлі бөлім меңгерушісі болып қызмет еткен. «Электронды үкімет» жобасын қалыптастыру және дамытуға атсалысқан. Сиқырлы тұсымен, түрлі қитұрқысымен ел арасында әжуаға айналған  «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына қатысыпты. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған

nege.kz