Айлық есептік көрсеткіш сомасы өседі

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Мұндай шешім президенттің зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақыны 10%-ке индексациялау тапсырмасы бойынша қабылданды

АЛМАТЫ, 8 cәуір – Sputnik. Қазақстанда бірінші сәуірден бастап айлық есептік көрсеткіш 2778 теңге болып бекітілді. Бұл туралы брифингте еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Айдынжан Нарматов мәлімдеді. 

Мұндай шешім президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақыны жылдық көрсеткіште 10%-ке индексациялау тапсырмасы бойынша қабылданды.

Соған сәйкес 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап айлық есептік көрсеткіш 2778 теңге, ең төменгі зейнетақы мөлшері 40 441 теңге (өзгерістер енгізілгенге дейін – 38 636 теңге), ең төменгі күнкөріс деңгейі – 32 668 теңге (31 183 теңге болған), базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 17 641 теңгені (16 839 болған), ең төменгі жалақы мөлшері – 42 500 теңгені (өзгеріссіз қалды) құрайды.

 



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз