«Әйел тілінен табады»: Мөлдір Әуелбекова еркектердің әйелге не себепті қол көтеретінін айтты — Қазақстан жаңалықтары

0

Продюсер Тимур Балымбетовтың «Шыны керек» бағдарламасына сұқбат берген әнші Мөлдір Әуелбекова әйел құқығы туралы сөз етті. Әнші кейбір әйелдердің өздері еркектің қол көтеруіне себепші болатынын айтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

молдир ауелбекова

Қазіргі Қазақстандағы әйел құқықтары жайлы Мөлдір Әуелбекованың өз айтары бар. 

«Карантин кезінде ерлердің әйелдерге зорлық көрсетуі өршіп кетті. Ерлердің қол көтеруіне мен қарсымын, әрине. Ер адамның әйел адамға қол көтеруі әлсіздік. Бірақ бұл жерде әйелдерді де көп жақтауды дұрыс көрмеймін. Кейбір әйел адамдар өздері тілден болмаса тірлігінен, салақтығынан табады», — деген әнші бұл мәселе әркімнің үйіндегі жағдайға байланысты екенін айтады. 

«Сонда әйел адам бір нәрсе айтты екен деп, сөзі үшін ұруға болады дегенді жақтап отырсын ба» —  деген жүргізуші сұрағына: 

«Жоқ. Әйел адам тілін тыйса, ер адам қолын тыйса, ондай жағдайға жетпеуі керек. Әйел адамды ұруға қарсымын, қолдап жатқан жоқпын», — деп жауап берді Әуелбекова. 

Әншінің өзі осындай жағдайға түсіп қалса, сүйіктісі қол көтерген болса, барынша ондай сорақы жағдайға жеткізбеуге тырысатынын айтады.

«Мен сабырға шақыратын адаммын, ондай жағдайға жеткізбеймін деп ойлаймын. Өте қиын сұрақ мен үшін. Әр адам кінәні өзінен іздеп, бірінші өзін тәрбиелегені дұрыс. Тілі, тірлігі, жасап жатқан жағдайы үшін әр адам жауапты болса, іс ондайға дейін бармауы керек. Әр адам жауапкершілікті сезіну керек», — дейді әнші. 

Кейбір қыздардың өздерін бағаламайтын, қол көтеретін, сыйламайтын адаммен не себепті қалатыны туралы Мөлдір Әуелбекова: 

«Бала үшін қалуы мүмкін. Толық емес отбасында өскен балаға қиын. Өз басымнан өтіп жатыр мысалы. Бала үшін әйел адамдары көбіне шыдайды. Оның шыдап отырғанның қадірін еркек білсе, өзгерер еді. Отбасын сақтап қалуға екі жақта талпынар еді. Бірақ оған сана-сезімі, ақылы жетпейтін де еркектер болады. Шыдап отырғанға одан сайын жерден алып-жерге салып отыратын адамдар бар», — деп жауап берді. 

 

stan.kz