әйел өлер алдында шындықты айтып кетті    

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Қатты күйіп қалған әйел ауруханаға түсіп, 20 күннен кейін көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым — Sputnik. Башқұртстанның Жоғарғы соты екі адамның өліміне қатысты іс бойынша үкім шығарды. Өрт қоюшы Константин Вавилов 17 жылға бас бостандығынан айырылды.  

Башқұртстан тұрғыны қос ғашықты тірідей өртеп жіберді. Трагедия 7 наурыз күні түнде Уфадағы көпқабатты үйлердің бірінде болған.  

Ғашықтар бір түнге пәтер жалдаған. 36 жастағы әйел мен 49 жастағы ер адам пәтер иесімен бірге арақ ішіп, есірткі тұтынған. Қонақтар оңаша қалуды жөн көріп, асүйдің есігін диванмен тіреп қояды. Таңертең Вавилов тағы да есірткі тұтыну үшін асүйге кірмек болыпты. Дегенмен «квартиранттар» оны ішкі кіргізбейді, содан қатты ашуланған пәтер қожайыны асүйдің есігіне бензин шашып, от қойған, деп хабарлады РИА Новости.

Вавилов сыртқы есікті жауып, пәтерден жүгіріп шыққан. Ер адам сол жерде иіс тиіп көз жұмды, ал әйел әрең дегенде сыртқа шыққан, дегенмен ол қатты күйіктен 20 күннен кейін ауруханада көз жұмды.

Тағы оқыңыз: Екі отбасын қырып салған қаскөй ұсталды – 7 айлық сәби мен әжесінің үйінде болған қыз тірі қалды

Ресей тергеу комитетінің мәліметінше, әйел өлер алдында тергеушілерге түсінік беріп үлгерген.  

Қылмыскер жауап алу кезінде пәтер өртенген кезде дүкенге шығып кетіп едім деп өтірік айтқан.

Вавилов бұған дейін ұрлық жасағаны үшін сотталғаны анықталды, жазасының бір бөлігін өтеп болмаған, ол пробациялық бақылауда жүрген. Осы жағдай ескеріле отырып Вавилов 17 жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын қатаң режимдегі түрмеде өтейді.  



sputniknews.kz