Аяғын жұлып кеткен: Алматыда көлік мінген мас жүргізуші аялдамадағы әйелді қақты — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматыда мас жүргізуші аялдамада тұрған әйелді қағып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

дтп

Полиция департаментінің хабарлауынша, оқыс оқиға таңғы 7-де Алмалы ауданында орын алған.

«Форд Транзит» автокөлігінің жүргізушісі мас күйінде Мақатаев көшесімен келе жатқанда көлік тізгініне ие бола алмай, автобус аялдамасына барып соғылған.

Көлік соққысынан яялдамада тұрған 61 жастағы әйелдің аяғы жұлынып кеткен. Ал темір тұлпардың өзі болса сол маңайдағы «Тойота Камри» көлігін соғып барып аударылып кетіпті.

Әйел адам шұғыл ауруханаға жеткізіліпті. Дәрігерлер оның жансақтау бөлімінде жатқандығын, жағдайы ауыр екендігін айтып өтті. Зардап шеккен әйелге аяқтарының ампутациясы, оң иық сүйегінің сынуы, травматикалық есеңгіреу диагнозы қойылыпты. Бұл туралы жедел медициналық жәрдем ауруханасының қызметкерлері хабарлады. Басқа жапа шеккендер жоқ.

«Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Жүргізуші уақытша оқшаулау орнына қамалды», — деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.

 

 



stan.kz