Аға буынның жауапкершілігін еске салатын мереке – Тоқаев балаларды құттықтады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Қазақстанда COVID-19 коронавирусы эпидемиясына байланысты биыл дәстүрлі балалар іс-шаралары өткізілмейді

НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Балаларды қорғаудың халықаралық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Барша қазақстандықты Балаларды қорғаудың халықаралық күнімен құттықтаймын. Бұл – өскелең ұрпақтың амандығына, денсаулығы мен қауіпсіздігіне аға буын жауапты екенін еске салатын мереке. Еліміздегі әр бала мейірімге бөленіп, балалық шағын бақытты әрі қызықты өткізуге қақылы», – жазды мемлекет басшысы Твиттер парақшасында.  

​Биыл Қазақстанда бұл мереке қалай тойлануда?

1 маусымда Қазақстанда COVID-19 коронавирусы эпидемиясына байланысты дәстүрлі балалар іс-шаралары өткізілмейді.

Өткен жылдары 1 маусымдағы мерекеге орай қоғамдық көліктерде балалардан жол жүру ақысы алынбады.

Нұр-Сұлтанда 2020 жылдың наурыз айынан бастап 18 жасқа дейінгі барлық жолаушы автобуста тегін жүреді. 

Мерекенің шығу тарихы қандай?

Бүкіл әлем Балаларды қорғау күнін 70-ші рет атап өтіп жатыр – ол алғаш рет 1950 жылы мерекеленген болатын.

Қазақстан жыл сайын 1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтеді.

Мерекені 1 маусымда атап өту туралы шешім Парижде 1949 жылдың қарашасында өткен Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясы конгресінде қабылданды.

Балаларды қорғау күнінің басты мақсаты – балалардың өмір сүруге, пікір білдіруге, қорғауға және білім алуға құқығы бар екенін еске салу. 

Оқи отырыңыз: Астаналық оқушылар жазда қайда демалады – білім басқармасы жауап берді

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) 1959 жылы Бала құқықтары туралы декларация қабылдады.

Халықаралық құқық деңгейіндегі басты құжат 1989 жылдың 20 қарашасындағы Бала құқықтары туралы конвенция болып саналады. КСРО бұл құжатты 1990 жылдың 13 шілдесінде ратификациялады.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз