Африка елдерінің жетекшілері «Трамп жоспарын» сынға алды

0

Африка елдерінің жетекшілері «Трамптың Таяу Шығыс жоспары» деп аталып кеткен АҚШ президентінің бастамасын сынға алды. Жексенбі, 9 ақпанда Эфиопия астанасы Аддис-Абебада Африкадағы 40-қа жуық ел басшылары мен үкімет жетекшілерінің 33-саммиті өтті. Deutsche Welle ақпарат құралының хабарлауынша, жиынға 16 елдің министрлері де қатысқан.

Африка одағы комиссиясының жетекшісі Мұса Факи Махаматтың мәлімдеуінше, ұсынылған жоспар БҰҰ-ның көптеген резолюцияларын бұзады және халықаралық кеңес ескеруінсіз және палестин халқының құқығы назарға алынбай жасалған. Африка одағының жаңа төрағасы, Оңтүстік Африка республикасының президенті Кирилл Рамафоса АҚШ президенті Дональд Трамптың бейбіт жоспарының орындалу механизімін Оңтүстік Африкадағы апартеид жүйесімен салыстырды.

Иерусалимді Израильдің «бөлінбейтін астанасы» деген Дональд Трамп қаңтардың аяғында Шығыс Иерусалимде палестина елінің астанасын орналастыру жайлы ұсынысын жариялаған.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху кей ұсыныстардың «жүзеге асырылуы әбден мүмкін» екенін мәлімдеген. Палестина жетекшілері ол ұсыныстан үзілді-кесілді бас тартып, АҚШ пен Изарильмен қарым-қатынасын үзетінін мәлімдеді. Халықаралық келісімдерге сілтеме жасаған Еуропа одағы да «Трамп жоспарын» сынға алды.

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз