Әділбек Ниязымбетов бокстағы карьерасын аяқтады

0
Жасындай жарқылдаған Әділбек Ниязымбетов бокстағы карьерасын аяқтады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметінің дерегін негізге алып. Оның есімі қазақ боксының тарихында алтын әріппен жазылып қалмақ.

Лондон және Рио-де-Жанейро Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Азиада жеңімпазы Әділбек Ниязымбетов рингтегі карьерасын аяқтағанын мәлім етті. Бұл жаңалыққа қатысты ұлттық құрама команданың бас бапкері Мырзағали Айтжанов өз ойын айтты.

«Әділбек әр спортшының маңдайына бұйыра бермейтін жеңістерге қол жеткізді. Олимпиада ойындары мен Әлем чемпионатының финалына тек мықтылар шығады. Сондықтан отандық бокс алдында сіңірген еңбегі орасан», – дейді Мырзағали Айтжанов.

Әділбек Ниязымбетов  бокстан ұлттық құрама команданың капитаны болып, бұл міндетті де абыроймен атқарды. ҚР біріншілігі аяқталған соң бапкерлер кеңесі құрама сапында өнер көрсететін боксшылармен бірге жаңа капитанды да бекітпек.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз