Адамзатқа вакцина арқылы чип енгізу: Билл Гейтс айыптауларға жауап берді

0

Америкалық кәсіпкер, Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтс адамдарды жаһандық чиптеуге қатысты өзіне тағылған айыптаулар оларды жоққа шығару үшін тым ақымақтық екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Билл Гейтс

Коронавирустық індет басталған сәттен бастап, әлеуметтік желілерде және интернет-БАҚ-та  Билл және Мелинда Гейтс қорының пандемияға қатысы бар деген қауесет тарады, олар адамдарды чиптеу және оларды жаһандық бақылау үшін вакцинаны пайдалануға ұмтылған-мыс.

«Мен ешқашан микрочиптермен айналыспадым. Мұны жоққа шығару мүмкін емес, бұл өте ақымақтық және жабайылық», — деді Гейтс Business Insider журналистермен кездесуде.

Билл және Мелинда Гейтс қоры — Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының екінші ірі доноры, ол 2018-2019 жылдары ұйым бюджетінің 9,76% -ын қамтамасыз етті. Қор дәрі-дәрмектер мен вакциналар саласындағы зерттеулерді қаржыландырады.

stan.kz