Адамнан ынсап кеткен: Тегін берілетін дәрілерге дейін үйіне тығып сатқан

0

Шымкент қаласының Полиция департаменті карантин кезінде жоғары сұранысқа ие дәрідәрмектерді қымбат бағада сату фактілерін анықтау мақсатында жеделпрофилактикалық ісшара өткізді.

Қабылданған шаралар нәтижесінде пайда табу үшін дәрілерді алып-сатумен айналысқан дәріхана қызметкерлері мен қала тұрғындары анықталды. Барлығы 10 факті тіркелді.

Тәртіп сақшылары рейд барысында Әлімқұлов көшесіндегі үйдің ауласынан дәрі-дәрмек жасырылған 3 қойманы тапқан. Онда препараттардың жалпы 229 түрі табылды. Қоймаларды тексеру барысында иесі сатуға рұқсат беретін лицензияны көрсеткен. Алайда, бұл лицензия басқа ғимаратқа арналғаны және мұндағы дәрі-дәрмектер заңсыз сақталғаны анықталды.

Фармацевт мамандар қоймадағы препараттарды үш топқа бөлді: Бірінші топ – ел аумағында тіркелмеген және сатуға рұқсат берілмегендер. Олар – Конвулекс, Энцефобол, Алоэ экстракты инъекция үшін және тағы басқалар. Екінші топ – респираторлық-вирусты ауруларды емдеуге арналған жоғары сұранысқа ие дәрі-дәрмектер. Олар – Цеф ІІІ, Цефтриаксон, Ингавирин, Гордокс, Дексаметазон және тағы басқалар. Үшінші топ – есепте тұрған азаматтарға тегін берілетін дәрі-дәрмектер. Олар Депакин, Методжект және тағы басқалар. Сондай-ақ, қоймадағы дәрі-дәрмектердің сақталуына ешқандай жағдай жасалмағаны және сақталу талаптары өрескел бұзылғаны анықталды. Яғни препараттар емдеу қасиеттерін жоғалтып, адам өміріне қауіп тудыруы мүмкін.

«Фармацевт мамандарының қатысуымен барлық 229 дәрі-дәрмектің түрлері айғақты зат ретінде алынды. Тәркіленген препараттардың ішінде көп науқастар таба алмай жүрген Цеф ІІІ, Ингавирин, Дексаметазон, Парацетамол сияқты дәрілер бар. Барлық анықталған жайттар бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға берілетін болады», – делінген хабарламада.

Nege.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз