«Абу-Даби Плаза» төбесінен шыққан түтін мен оғаш жарық астаналықтарды шошытты — новости Казахстана

0

Астаналықтар әлі құрылысы бітпеген «Абу-Даби Плаза» ғимаратының жоғарғы жағынан шыққан түтін мен оғаш жарықты көріп, ғимарат тағы өртеніп жатыр деп шошып кеткен. Бұл туралы Sputnik-Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Владислав Воднев/Sputnik

Фото:Владислав Воднев/Sputnik

Өрт жалынына ұқсаған жарық астана тұрғындарын дүрліктіріп жіберген. Астаналықтардың көбі ғимарат тағы өртеніп жатыр деп ойлаған.

Алайда, Астана қаласының төтенше жағдайлар комитеті халықтың уайымын басуға асықты. Комитеттегілер құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан жарық жылуынан бөлінген бу түтін сияқты көрінгенін хабарлады.

Ведомстводағылар ғимаратта өрт те, түтін де жоқ екенін баса айтып өтті.