Абаев: Президент жолдауы — тек қана экономикалық емес, ең алдымен идеологиялық астары да бар дүние — Қазақстан жаңалықтары

0

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев президент үндеуінің астарында тек экономикалық сипат емес, сонымен қатар идеологиялық мүдде бар екендігін ашып айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Абаев

«Президенттің кешегі үндеуі халық үніне құлақ асатын мемлекеттік концепцияның табысты іске жатқанын және оның өміршең екендігіне айқын дәлел. Себебі өздеріңіз білетіндей айтылған шаралар қазіргі уақытта қиындылққа кездесіп отырған азаматтардың, кәсіпкерлердің, ауыл шаруашылығы өкілдерінің өтініштілектерін ескерді. 

Қазір біз аса күрделі уақытта тұрмыз. Сондықтан мемлекет басшысының үндеуі — тек қана экономикалық емес, ең алдымен идеологиялық астары да бар дүние. Осында біз көзқарасымыздың, идеямыздың, ұлтымыз бен дініміздің әртүрлі екендігіне қарамастан, біртұтас халық екенімізді түсіну керек. «Біз- біргеміз» деген бос ұран емес. Ол халқымыздың талай қиыншылықтардан аман алып шыққан өмірлік ұстанымы. Бүгін мемлекет басшысы бізді бірігуге, халыққа деген қамқорлық үлгісін көрсетуге шақырды», — дейді Абаев.  

stan.kz