Абаев 42 000 теңгені қалай алуға болатынын айтты

0

Төтенше жағдайға байланысты ақысыз еңбек демалысына шыққандар мен жұмысынан айырылғандарға 42 мың теңгеден беріледі

АЛМАТЫ, 26 наурыз – Sputnik. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев төтенше жағдай енгізілуіне байланысты кірісінен айырылған адамдар әлеуметтік төлемді қалай алатынын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша,  бүгін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы шығады.

«Ол жерде төтенше жағдай кезінде әлеуметтік төлемдерді берудің ережесі көрсетіледі. Бұл төлемдер әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорынан төленеді», – деді Абаев.

Ол төтенше жағдай кезінде берілетін төлемнің екі түрі болатынын атап өтті.

«Біріншісі, төтенше жағдайға байланысты ақысыз еңбек демалысына шыққандарға беріледі. Оның көлемі – айына 42 000 теңге. Бұл шағын және орта бизнес қызметкерлері болуы мүмкін. Олар соңғы жылы мемлекеттік қорға үш рет аударым жасаған болуы керек. Қажетті өтінімді жұмысшы емес, жұмыс беруші жасайды. Өтінімді аудандық, қалалық жұмыспен қамту штабтарына беру керек. Төлемдер төтенше жағдай аяқталғанша жасалады», – деп толықтырды министр.

Қазақстанда бір реттік төлем барлығына неге берілмейді – министр түсіндірді

Төлемнің екінші түрі жұмыстан шығып қалғандарға қатысты.

«Олар төлемдерді бір айдан алты айға дейін алады. Төлемдердің көлемі айлықтың 40%-ін құрайды. Ол үшін жұмыспен қамту орталықтарына жұмыссыз ретінде тіркеліп, арыз беру қажет», – деді Абаев.

Арызды онлайн беруге болады. Министрдің мәліметінше, үкімет осындай төлеммен 1,5 миллион адамды қамтамасыз етеді.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз