95 жастағы соғыс ардагері өмірден озды

0
95 жасында Ұлы Отан соғысының ардагері, Социалистік Еңбек Ері, Құрметті металлург, Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы ҚАЙРОЛЛА БАҚТЫБАЕВ өмірден өтті.
Бұл туралы ШҚО әкімі Жақсылық Омар айтты.
Қайролла Бақтыбайұлы майдан отынан өтіп, Киев, Житомир, Каменецк-Подольск қалаларын және Румыниян, Венгрияны, Австрияны жаудан азат етуге қатысқан.
1951 жылдан бастап Өскемен қорғасын-мырыш комбинатында аянбай еңбек етіп, Құрметті металлург атанды.
Қайролла Бақтыбайұлының еңбек жолы, өмірлік ұстанымы біз үшін адамгершіліктің, нағыз еңбек адамының жарқын үлгісі болып қала бермек.
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз