8 және 12 жастағы немерелерімен екі әйел отыр

0

Коронавирус табылып, Жапония жағалауында карантинге тұрып қалған кемеде Қазақстанның төрт азаматы: 8 және 12 жастағы немерелерімен 2 әйел отыр. Бұл ақпаратты Азаттық тілшісіне сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров айтты.

Айбек Смадияровтың айтуынша, «олармен Қазақстанның Жапониядағы консулдығы күн сайын сөйлесіп отыр, денсаулықтары жақсы, шағымдары жоқ».

— Кеше консулмен хабарластым. Қазақстанның 4 азаматы анализ тапсырған. 19 ақпанда карантин бітеді. Кемедегі 30 мыңнан астам жолаушыны карантиннен босату процесі бірер күнге созылуы мүмкін. Кемеден түскен соңы тағы бір рет тексеріледі,- деді ол.

Кеше Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің бас инфекционисі Динагүл Баешева Жапония жағалауында тұрған Diamond Princess лайнерінде Қазақстаның 4 азаматы барын, олармен WhatsApp арқылы ұдайы хабарласып отырғандарын, араларында балалар жоқ екенін» айтқан.

Айбек Смадияров Динагүл Баешева таратқан ақпаратты «ескірген мәлімет» деп санайды.

Жапония жағалауында тұрған Diamond Princess лайнерінде 5 ақпанда бір адамнан коронавирус табылып, карантинге жабылған. Кеме ішінде 50 елден 3700 адам болған. 17 ақпандағы дерек бойынша, круизде 454 адамның коронавирус жұқтырған.

16 ақпандағы мәліметке қарағанда, қазір әлемде коронавирус жұқтырғандар 70 мыңнан, қаза болғандар 1700-ден асқан. Олардың көбі Қытайда. Орталық Азия елдерінде коронавирус жұқтырғандар жоқ.

Azattyq