700 мың қазақстандық 42 500 теңге алдын-ала төлем туралы SMS алды

0

Өтініштерді қабылдауға арналған порталдар мен Telegram bot 17 шілдедежұмыс істей бастады.

Ең алдымен бұл ақшаны күшейтілген карантин кезінде жұмысынан ақысыз демалысқа кеткен жалдамалы жұмысшылар алады. Ол азаматтарға 42 500 теңге алу үшін өтінішті жұмыс беруші береді. Жұмыс беруші өзінің табысы сақталмай демалысқа кеткен жұмысшылары үшін Еңбек.кз және Егов.кз порталдары арқылы өтініш береді. Жұмыс берушілер қызметкердің ИИН-і мен есепшотын белгілеуде өте мұқият болғаны жөн Жалдамалы жұмысшылар өздері өтініш бере алмайды. Ал жұмысынан мүлдем шығып қалған адамдар өтінішті өздері береді.

Екінші, өзін өзі жұмыспен қамтыған жеке тұлғалар 42 500 теңге ала алды. Олар өтінішті өздері береді. Және тек Еңбек.кз пен Егов.кз порталдары ғана емес, телеграмм бот арқылы да өтініш бере алады.

Ал студенттер мен бала күту демалысында отырған адамдарға 42 500 теңге студент болғаны үшін немесе тек декретте отырған үшін төленбейді. Студент ресми жұмыс істеп жүріп, күшейтілген карантин режимінде жұмысы тоқтап қалса ғана 42 500 теңге ала алады. Өйткені  студенттер экономикалық белсенді  топтың  санатына жатпайды. Декреттегі адамдар бала бір жасқа толмаса 42 500 алмайды. Ал бала бір жастан асып, жұмысқа шығып,  жұмысынан айырылып қалса бұл ақшаны алуға мүмкіндігі бар.

42 500 теңге алуға өтініш беру 17 шілдеден бастап Егов.кз және Еңбек.кз, телеграмм боттар жұмысқа кіріседі. Өтінішіңіз қабылданса азаматтарға өтініштің қабылданғаны туралы хабарлама келеді.

Брифинг барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов тұрғындардан, барлық порталға қатар-қатар өтініш бермеуді сұрады. Сонымен қатар бұл жолғы шектеу режимінің төтенше жағдайға қарағанда жеңіл екенін сол себепті төтенше жағдай кезінде берілген өтініш негізінде 42 500 теңгені бірден төлей алмайтынын айтты.

Кейбір азаматтарға 42500-дік төлем автоматты түрде аударылады. Тек, одан бұрын телефоныңызға мынадай мазмұнда смс келеді:
« — Сіз өткен жолы 42 500 теңгені сәтті алдыңыз. Ал осы жолы да табыссыз отырсыз ба?»
“Иә” деген жауапты жазсаңыз, ондай азаматтарға 42500-дік төлем автоматты түрде аударылады. Одан кейін, ешқайда өтініш жазудың керегі жоқ.

42 500 теңге алуға өтініш беру 1 қыркүйекке дейін қабылдана береді.