«6 миллион теңге»: Еліміздегі ең қымбат шыршаның құны белгілі болды — новости Казахстана

0

Алматылық тұрғын сатып алған ең қымбат шыршаның құны анықталды. 6 миллион теңгеге бағаланған Жаңа жылдың басты символы сөреде ұзақ тұрмапты деп хабарлайды КТК арнасы.

Кадр КТК арнасы

Кадр КТК арнасы

Биіктігі — 6 метр болған ең қымбат шырша қаланың қақ ортасындағы сауда үйлерінің бірінде саудаланған Оны қалталы тұрғындардың бірі ә дегеннен сатып алған.

Десе де, басқалары көңілін түсірмесе болады. Өйткені сатылымда әлі 4 миллион теңгенің шыршалары бар.

Ал ең арзаны — 5 мың теңгеден басталады. Тіпті тегіндері де бар. Оларды сатушылар жетім балалар мен жағдайы төмен балалы отбасыларға ғана сыйға тартамыз дейді.


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар