6, 7, 8 шілдеде қандай шаралар болады: Нұр-Сұлтан, Алматы

0

Sputnik Қазақстан 6 шілдеде өтетін шаралар тізімін ұсынады. Сондай-ақ 7 және 8 шілдеге не жоспарланғанын біле аласыз

НҰР-СҰЛТАН

6 шілде күні таңертең елорда көшелерімен орекстрлер шеруі өтеді.

11:00 — Нұр-Сұлтан әкімінің кубогы үшін караокеден «Барлығы ән салады» ашық қала чемпионатының финалы (Есіл өзені жағасындағы амфитеатр).

12.00 — М. Ташпеновтың «Көңілді гномдар» спектаклінің премьерасы өтеді (қуыршақтар театры, Республика даңғылы, 5).

17.00 — «Нұр-Cұлтанның болашақ жұлдыздары» кәсіби бокс кеші («Барыс Арена» мұз айдыны, Тұран даңғылы, 57).

17.00 – этникалық музыкаға арналған The Spirit of Eurasia халықаралық фестивалінің екінші күні (ЭКСПО аймағындағы жазғы сахна, байланыс телефондары: +7 (707) 840 0373, +7 (705) 565 6622).

17.00 – Мәскеуден келген «Современник» театрының «Вишневый сад» спектаклі (Бейбітшілік және келісім сарайы, Тәуелсіздік даңғылы, 57).

18.00 –Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының гастролі аясында «Дон Кихот» балеті қойылады («Астана Опера» театры, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 1).

АЛМАТЫ

11.00 — Technarium ғылыми жәрмеңкесі («Форум» сауда ойын-сауық орталығы, Сейфуллин көшесі, 617).

18.00 – Rap Battle Almaty (Motor Club, 4 шағын ауданы, 1А ғимарат. Байланыс телефоны: +7 (700) 187 58 44).

7 шілдеге жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – Ұлттық домбыра күні аясында Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері №2 және 3 перинаталды орталықтарына барып, сол күні дүниеге келген нәрестелерге домбыраны сыйға береді. (№2 перинаталды орталық, Тәуелсіздік даңғылы, 3/1; №3 перинаталды орталық, Әлия Молдағүлова көшесі, 28. Аккредитация +7 778 873 57 99 телефоны бойынша жасалады).

11.00 — «Велосипедные покатушки» акциясы (велосипедтерді тегін прокатқа алу). Аталған шара қала күні аясында тұрмысы төмен отбасыларды қолдауға арналған. («ASTANA SKICLUB», Тұран даңғылы, 2/4).

12.00 – Домбыра ұлттық күніне арналған концерт («Қазақ Елі» монументі жанындағы алаң).

17.00 — Мәскеуден келген «Современник» театрының «Вишневый сад» спектаклі (Бейбітшілік және келісім сарайы, Тәуелсіздік даңғылы, 57).

18.00 — Turan Fashion Day халықаралық сән мейрамы. Шараға «Модный Дом» журналы (Мәскеу, Ресей), «VOGUE» журналы (Брюссель/Вашингтон/Мәскеу), сондай-ақ «Silk Road Fashion Road» жобасының өкілдері қатысады («Mega Silk Way» сауда ойын-сауық орталығы, Қабанбай батыр даңғылы, 62).

18.00 – Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының гастролі аясында «Золушка» операсы қойылады. («Астана Опера» театры, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 1).

19.00 – «Ән мен әнші» концерті («Астана» концерт залы, Бейбітшілік көшесі, 1/1).

20.00 — «Банкок қаласынан сыйлық» (Есіл өзені жағасындағы амфитеатр).

8 шілдеге жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

18.00 – Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының гастролі аясында «Анна Каренина» балеті сахналанады. («Астана Опера» театры, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 1).

Шолу ашық ақпарат көздері негізінде алдын ала жасалып отыр. Sputnik Қазақстан шаралардың өтпей қалуына, я болмаса, басқа күнге ауысуына жауап бермейді.



sputniknews.kz