10 маусымда ескі 500 теңгелердің уақыты бітеді

0

2020 жылғы 10 маусымға дейін қоса алғанда ескі үлгідегі банкноттарды төлем құралы ретінде қабылдаудан бас тартуға жол берілмейді.

ҚР Ұлттық банкі ескі үлгідегі 500 теңгелік банкноттардың қатар айналысы кезеңінің аяқталуы туралы мәлімдеді.

Қазақстан Ұлттық Банкі 2020 жылғы 10 маусымда 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттардың қатар айналысы кезеңінің аяқталатынын еске салады.

Қатар айналыс кезеңінде 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттар заңды төлем құралы болып табылады және төлемдер мен ақша аударымдарының барлық түрлері бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қабылдануға міндетті.

2020 жылғы 10 маусымға дейін қоса алғанда ескі үлгідегі банкноттарды төлем құралы ретінде қабылдаудан бас тартуға жол берілмейді.

Заңды төлем құралы болып табылатын банкноттар мен монеталарды қабылдаудан бас тарту Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 206-бабын бұзуға әкеп соқтырады.

Ескі және жаңа үлгілердегі банкноттардың қатар айналысы кезеңінде 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттарды қабылдаудан бас тарту фактілері туындаған жағдайда, тиісті шаралар қабылдау үшін Ұлттық Банктің аумақтық филиалына өтініш жасау қажет.

Дереккөз: zakon.kz