5 миллион теңге айыппұл салынады: Нұр-Сұлтанда заңсыз антисептик сатқан күдіктілер ұсталды — Қазақстан жаңалықтары

0

Елордада үйден антисептиктерді заңсыз сатқып, дүрбелең кезінде миллиондап ақша тапқан кәсіпкерлер қолға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «КТК» арнасына сілтеме жасап.

антисептик

Нұр-Сұлтан қаласының үш тұрғынының заңсыз ісі өршіп кеткен: гигиена құралдарын канистрлермен сақтап, оны жоғары бағамен сатқан.

Қаржы мониторингі комитетінің мәліметтері бойынша, 5 литр антисептикті, қандай да бір ілеспе құжаттарсыз 16 500 теңгеге сатқан.

Қысқа уақыт ішінде ұсталғандар 2 миллион теңгеге жуық табыс тапқан. Енді оларға 5 миллион теңге айыппұл салынады.

Ал алынған тауарға қатысты, бұл шамамен 8 мың литр, ол қалалық денсаулық сақтау басқармасына жіберілді.

 

stan.kz