42500 теңге зейнетақы жинағынан алына ма? Ақпаратқа Еңбек министрлігі жауап берді — Қазақстан жаңалықтары

0

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 42 500 теңге көлемінде төлемдерді тағайындау кезінде зейнетақы жинақтарын алу туралы жаңалықтарға түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанда көпбалалы отбасылар үшін жаңа мемлекеттік  жәрдемақы төленеді

Қазақстандықтар WhatsApp мессенджерінде келесі дыбыстық хабарламаны таратады: «Мен сізге 42 500 жәрдемақы туралы айтқым келеді. Егер әлдекім жәрдемақыға әлі өтініш бермеген болса, онда бұл 42 500 ақшаны сіздің зейнетақы аударымдарыңыздан алатындығын ескеріңіз, яғни біз аударған жинақтан алынады. Зейнетақы қорынан алып, картаға аударады. Әкем өзінің барлық ақшасын БЖЗҚ-дан аударды, ал қазір ол жинақтағы сома 42 500 теңгеге азайды деген хабарлама келді. Бірақ, өкінішке қарай, ол тіпті картаға әлі түспеген. Сондықтан мұны ескеріңіз», — дейді хабарлама авторы.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі бұл хабарламаны жалған деп атады.

«Хабарламада таратылғандай 42 500 теңге зейнетақы жинақтарынан алынады деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Азаматтардан жалған мәліметтерге назар аудармауын және тек ресми дереккөздердің ақпаратына сенуін сұраймыз. Жалған ақпарат таратқаны үшін заңмен жазаланады», — деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз хатшысы Александр Кононец.


Тағы оқыңыз:

Неліктен адамдарға 42 500 теңге берілмейді: себебін Алматы әкімдігінде айтты


 

stan.kz