27 желтоқсанда өтетін еліміздегі маңызды оқиғаларға шолу

0

2018 жылғы 26 желтоқсан 19:22 7

27 желтоқсанда өтетін еліміздегі маңызды оқиғаларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпараттық агенттігі 27 желтоқсан күні Қазақстанда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

АСТАНА

Сағат 10.00-де Сенаттың кезекті отырысы басталады.

Сағат 10.30-да Қазақстан Республикасының ғылымды қаржыландыру тиімділігіне жасалған мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша Есеп комитетінің отырысы өтеді.

Сағат 11.00-де «Үкімет үйінде» ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиевтің қатысуымен «Шағын және орта бизнеске салықтық амнистия мәселелері» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 11.00-де Rixos President Astana қонақ үйінде (Қонаев к-сі, 7) Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының аймақтық кардиологиялық орталығы мен «Мерусар және К» ЖШС арасындағы кикілжіңге қатысты баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 11.00-де «MEGA Silk Way» СОО,  PremiumReseller мәртебесін иеленген Apple өнімдері дүкенінің ашылуына орай БАҚ өкілдеріне арналған пресс-бранч форматында тұсаукесер өткізіледі.

Сағат 12.00-де «UMC» корпоративтік қорының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қатысуымен Қазақстанда балалар трансплантологиясының дамуы тақырыбына арналған дөңгелек үстел мәжілісі өтеді.  

Сағат 12.00-де «Астана Innovations» АҚ Басқарма төрағасы Олжас Сартаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мукушева «Ақылды аудан» жобасының аясында әзірленген электронды тақтаны таныстырады.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

Сағат 10:00-де Түркістан облысы Төле би ауданында «Тау самалы – жан самалы» фестивалі өтеді. Шара аясында «Таңғажайып Түркістан» байқауының жеңімпаздары марапатталады.

 

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз