26, 27,28 шілдеде қандай шаралар болады: Нұр-Сұлтан, Алматы

0

Sputnik Қазақстан 25 шілдеде өтетін шаралар тізімін ұсынады. Сондай-ақ 26 және 27 шілдеге не жоспарланғанын біле аласыз

НҰР-СҰЛТАН

10.30 — 100 мұғалім жобаларының көрмесі өтеді. Шара Индиана штатының Манси қаласындағы Ball State University (Болл Стейт) университетінде өткен үш апталық тренингі қорытындысы. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Қазақстандағы АҚШ істері жөніндегі уақытша сенімді өкілі Теодор Линг және Назарбаев Университетінің халықаралық әріптестік жөніндегі вице-президенті Қадиша Дайырова сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр (Назарбаев Университет. Аккредитация: astanapress@america.gov).

13.00 – әлеуметтік кәсіпкерлерге арналған екі күндік семинар. Әлеуметтік кәсіпкерлік мектебі мен «Шеврон» компаниясы бірлесе ұйымдастырған. Басты мақсат – өз кәсібін дөңгелетемін деген тұрғындарға әлеуметік жоба әзірлеуді үйрету. Қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған инновациялық идеяларға қолдау көрсету көзделіп отыр  (Абай даңғылы, 38. Байланыс телефоны: +7 (777) 062 63 62).

16.00 — Саяси репрессия құрбандарын еске алуға арналған көрме өтеді. Шараны Art Collider және Astana Art Show мектептері ұйымдастырады (Василий Кубриннің үйі, Кенесары көшесі, 41).

19.00 – «Музыкальные каникулы» концерті өтеді. Оған шетелдік және қазақстандық жоғары оқу орындарында (П.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясы, Венадағы өнер университеті, Гамбургтегі музыка және театрдың жоғары мектебі, Альфред Шнитке атындағы Мәскеу мемлекеттік музыка институты) оқитын студенттер қатысады («Астана Опера» театры, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 1).

20.00 – «Астана 2019» авторлық ән фестивалінің ашылуы. Мерекеде жыл сайын Қазақстан, Ресей, Германия сынды елдердің орындаушылары, авторлары мен ансамбльдері бас қосады («Причал» демалыс аймағы, Қарағанды тасжолымен қаладан 17 шақырым жерде).

АЛМАТЫ

10.45 – Алматы хайуанаттар бағындағы жануарлардың өліміне қатысты ішкі тергеу қорытындысына арналған баспасөз мәслихаты өтеді (Есенберлин көшесі, 166. Аккредитация: +7 (701) 924 52 58)

12.30 – Қуыршақтар шоуы өтеді. Армения, Украина және Балтық елдерінің ұжымдары ұлттық нөмірлер көрсетіп, түрлі халықтардың әнін айтады (Мемлекеттік қуыршақ театры, Пушкин көшесі, 63).

19.00 — 3D Music Fest музыкалық фестивалі өтеді («Forum Almaty» СОО, Сейфуллин даңғылы, 617).

20.00 — «Мечта» спектаклі. Қоюшы-режиссері: Азамат Әбділдинов; суретші: Элена Будникова; рөлдерде: Ксения Кутелева, Виолетта Колибердинова. («Бункер», Досмұхамедов көшесі, 78. Байланыс телефоны: +7 (778) 46 56 678).

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ

15.00 — полицияның азаматтарды қабылдау фронт-офисі ашылады. Оның жұмысы қызмет көрсету орталығының жұмысына ұқсас (Ақтөбе халық кеңсесінің ғимараты, Саңқыбай батыр даңғылы, 249).

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ

10.00 —  «7-20-25» бағдарламасы бойынша жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі өтеді. Жиынған 10 құрылыс компаниясы мен «Баспана» ипотекалық ұйымының 8 серіктес банкі қатысады (Қарағанды, Достық үйі, шахтерлер даңғылы, 64). 

27 шілдеге жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

12:00 — Иесі жоқ иттер мен мысықтардың көрмесі («Астана» киноконцерт залының маңында (бұрынғы Конгресс холл), Кенесары көшесі, 32. Байланыс телефоны: +7 (702) 192 22 12).

16.00 – Суретші Аружан Жұмабек «Ауыл пикник: Reading» өткізеді. Шара саяси репрессия құрбандарын еске алуға арналған көрме аясында өтеді (TSE Art Destination галереясы, Республика даңғылы, 33).

АЛМАТЫ

10.30 — «Виртуалдылық әлде шынайылық?» тақырыбына арналған Bolashaq Talks ұйымдастырылады. Блогерлер, белгілі инстаграм аккаунт иелері, шоу-бизнес өкілдері мен журналистер спикер ретінде қатысады.

11.00 — Happy Belka Nice Fest балалар фестивалі өтеді. Шара кезінде шеберлік сағаттары, перфоманстар ұйымдастырылады. Түрлі байқаулар, концерттер өткізіліп, ашық аспан астында фильмдер көрсетіледі ( «Тиін» мүсінінің маңы, «Атакентке» қарама-қарсы . Байланыс телефоны: +7 (727) 356 07 56, +7 (778) 648 64 26).

11.00 — Сатсанг «Сананы кеңейту» медитациясы өтеді. Дұрыс тамақтану, ағзаны тазартуға қатысты дәріс оқылады («Просвещенец» демалыс үйі, Горная көшесі, 433А).

28 шілдеге жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

12.00 — HANABI жапон мәдениеті және аниме фестивалі (Қазмедиа орталығы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 4).

16.00 — Astana Art Show аясында Әйгерім Қапардың көрмесі өтеді (TSE Art Destination галереясы , Республика даңғылы, 33 а).

АЛМАТЫ

08.30 – скайраннингтен Қазақстан чемпионатының ашылуы (Медеу тау-спорт кешені. Байланыс телефондары: +7 707 782 77 02, +7 (727) 222 00 36).

Жоспарланып отырған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz