25 сәуір күні қандай шаралар болады

0

Аңдатпа

Қысқа сілтеме алу

6 0 0

Sputnik Қазақстан 25-30 сәуір аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда президент төтенше жағдай режимін енгізуіне байланысты 16 наурыздан бастап көпшілік шараларға уақытша тыйым салынды. Нұр-Сұлтан мен Алматы, сондай-ақ облыстар карантинге жабылды. Мемлекеттік органдардың отырыстары да онлайн-режимге көшті. Алайда біз алдағы күндерге жоспарланған шаралар туралы хабардар етеміз.

25 сәуірге жоспарланған шаралар

12.00 – Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі қорының жұмысына арналған тікелей эфир. Музей қызметкері Гүлзира Молдашева жәдігерлердің қалай сақталып, реставрация жасалатынын айтады (Трансляция музейдің Facebook-тегі ресми парақшасында).

19.00 – Астаналық мәдениет басқармасының «Онлайн сұхбат» бағдарламасы. Жүргізуші – қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық-драма театрының директоры Асхат Маемиров. Кеш қонағы – эстрадалық әнші, актриса Айгүл Иманбаева (Тікелей трансляция – @ns_madeniet).

26 сәуірге жоспарланған шаралар

12.00 – «Декоративная рыбка в технике акварели» шеберлік сағаты. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музей қызметкері Аида Елеуова өткізеді (Трансляция музейдің Facebook-тегі ресми парақшасында).

19.00 – Астаналық мәдениет басқармасының «Онлайн сұхбат» бағдарламасы. Жүргізуші – қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық-драма театрының директоры Асхат Маемиров. Кеш қонағы – театр және кино актері, театр режиссері, тележүргізуші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дәурен Серғазин.

28 сәуірге жоспарланған шаралар

17.00 – Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында «Язычники» (+18) қойылымы трансляцияланады (театрдың Youtube каналында көрсетіледі).

29 сәуірге жоспарланған шаралар

18.00 – Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының «Шығармашылық карантин» айдары. Қонақта – драматург Олжас Жанайдаров (Трансляция – @aibolatjangaliuly).

30 сәуірге жоспарланған шаралар

10.00 –Сенаттың пленарлық отырысы (Отырыс онлайн режимде палатаның ресми сайтында көрсетіледі).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз