25 қараша күні еліміздің бірнеше өңірінде боран соғып, көктайғақ болады — новости Казахстана

0

25 қараша күні еліміздің бірнеше өңірінде боран соғып, көктайғақ болмақ. Синоптиктер Қазақстанның солтүстік бөлігінде қар жауатынын айтты деп хабарлайды «Қазгидрометке» сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото:news.bigmir.net

Фото:news.bigmir.net

Метеорологтардың мәліметінше, Шығыс Қазақстанда желдің жылдамдығы 30 м/с-қа дейін көтерілуі мүмкін. Сондай-ақ өңірде көктайғақ пен боран күтілуде.

Павлодар облысында да ұйытқыған боран күтілуде.

Күні кеше Павлодар облысының барлық тас жолдары жабылған болатын.

Солтүстік Қазақстан тұрғындарын да тұман мен көктайғақ күтіп тұр.

Сондай-ақ Жамбыл облысы мен Қарағанды облысын, Ақмола облысы мен Қостанай облысын да қатты жел мен боран, тұман күтуде.

Алматы облысында түнде жел екпіні 17-22 м/с-ге дейін көтеріледі. Алайда алматылықтарды күндіз -1’С көлеміндегі жылы ауа райы күтіп тұр.

Ал Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Түркістан, Маңғыстау облыстарында желдің жылдамдығы 15-20м/с-қа жетеді.

Астананың күндізгі ауа темперетурасы -10 градус шамасында болмақ.