25 мамыр қандай күн: тарихи оқиғалар, танымал есімдер

0

Бұл – Григориан күнтізбесіндегі 145-ші күн, жыл соңына дейін 220 күн бар

25 мамырда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

25 мамырда қандай айтулы оқиға болды

Бүгін – Жоғалған балалардың халықаралық күні. Бұл мереке АҚШ-тан бастау алған. 1979 жылы 25 мамыр күні алты жасар америкалық оқушы Эвиан Пейтс жоғалып кетті. Бұл оқиға қоғамда қызу талқыланып, баланы барша әлем іздеді. Алайда Эвиан табылған жоқ. Төрт жылдан соң АҚШ президенті Рональд Рейган 25 мамыр күнін жоғалған балалар күні деп жариялады. 1997 жылы жоғалған балаларды іздеумен айналысатын халықаралық орталық ашылды. Орталықтың бастамасымен 2010 жылы осындай күн белгіленді.Тек ресми статистика бойынша жер жүзінде миллиондаған бала жоғалады. Олардың саны жыл сайын артып келеді.

Сондай-ақ, 25 мамыр – Дүниежүзілік қалқанша безі күні. 2009 жылы Еуропалық тиреоидологиялық қауымдастық бастамасымен құрылды. Ол қалқанша безіне байланысты мәселелерді зерттеумен айналысатын ұйым.

Бүгін Алматыда субұрқақтар мерекесі 2005 жылдан бастап жыл сайын атап өтіледі. Алматы қаласы әкімінің қаулысымен бекітілген.

Жыл сайын 25 мамыр күні Ресейде тіл саласы маманының күні аталып өтеді. Филология сөзі грекше «сөзге құмарлық» деген мағынаны білдіреді. Жазба ескерткіштерді тілдік және стилистикалық жағынан талдау арқылы адамзаттың рухани мәдениетін зерттейтін тіл білімі, әдебиеттану, мәтінтану, палеография т. б. гуманитарлық пәндердің жиынтығы. Филология ғылымы Грекия мен Ежелгі Үндістанда пайда болды. Сондықтан грек, санскрит және латын тілдеріндегі филология классикалық филология саналады.

Сондай-ақ, Германияда құлпынай күні тойлануда. Жыл сайын мамыр айының соңында немістің Оберкирх қаласында тәтті әрі қызықты фестиваль ұйымдастырылады. Бұл қалада Германиядағы ең ірі құлпынайдың көтерме сауда базары бар. Мереке тарихы 1999 жылдан бастау алады. Мамырдың соңғы сенбісінде басталып, 2 күн бойы тойланады. Мереке қаланың басты көшесінің бойында өтеді. Ол жерде түрлі дәмханалар мен мейрамханалар бар. Олар келушілерге құлпынайдан жасалған дәмді тағамның түр-түрін ұсынады.

25 мамырда әлемде болған тарихи оқиғалар

1869 жылы Вена операсының ғимараты ашылды;

1936 жылы кеңестік «Цирк» кинокомедиясы көрерменге жол тартты;

1953 жылы Техас штатындағы Хьюстон қаласында тұңғыш коммерциялық емес білім телеарнасы жұмысын бастады;

2003 жылы «Ежик в тумане» мультфильмі Токиодағы фестивальде ең үздік мультфильм деп танылды.    

25 мамырда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1931 жылы Алматы округінде жаңа Балқаш ауданы пайда болды. Аудан орталығы – Қараөзек ауылы;  

1992 жылы Семей ауданында байланыс музейі ашылды. Жалғыз техникалық музейдің негізі 1989 жылдың 30 мамырында қаланған;

2006 жылы Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен араб әмірлігінде Қазақстан елшілігін ашу туралы жарлыққа қол қойды;

2010 жылы астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Түркі академиясы ашылды.

25 мамырда дүниеге келген танымал тұлғалар

1931 жылы ғарышкер, екі мәрте Кеңес одағының батыры Георгий Гречко дүниеге келді;

1939 жылы британиялық кино және театр актері, продюсер Иэн Маккеллен дүниеге келді. Ол «Властелин колец» фильмінде Гэндальф рөлін сомдады;

1949 жылы кеңестік және белоруссиялық эстрада әншісі, «Песняры» тобының мүшесі  Леонид Борткевич дүниеге келді;  

1971 жылы кеңестік, ресейлік әнші, актриса, Ресейдің еңбек сіңірген артисі (2013) Кристина Орбакайте  дүниеге келді.     

25 мамырда Қазақстанда кім туды

1909 жылы КСРО-ның құрметті мұнайшысы, Қазақстанның ғылым және техника саласының еңбек сіңірген қайраткері, Ақтау қаласының құрметті тұрғыны Сафи Өтебаев дүниеге келді;

1924 жылы армия генералы, тәуелсіз Қазақстанның бірінші Қорғаныс министрі, Ұлы отан соғысының ардагері, Кеңес одағының қаһарманы, Целиноград, Алматы, Донецк қаласының құрметті азаматы Сағадат Нұрмағамбетов дүниеге келді;

1935 жылы жеңіл атлетикадан КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері Ғұсман Қосанов дүниеге келді;

1976 жылы Қазақстан ұлттық банкінің еңбек сіңірген қызметкері, ҚР Тұңғыш президенті – Елбасының көмекшісі Данияр Ақышев дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Суқұйғыш белгісінде орналасады. Бұл күнді табиғат аясында өткізуге тырысыңыз. Саябаққа барып немесе суға шомылып, дем алып қайтыңыз. Бүгінгі тамаша ауа райы ойдағы жоспарларыңызды жүзеге асыруға көмек болады.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз