24 қазан шаралар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Астана

0

24 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 — «Атамекен» ҰКП съезі. Съезд жұмысына «Атамекен» ҰКП президиум төрағасы Тимур Кұлыбаев пен үкімет басшысы Асқар Мамин қатысады. (Тәуелсіздік сарайы, Тәуелсіздік даңғылы, 52. Байланыс телефоны: +7 (7172) 91 93 67).

09.00 – Халықаралық Digital bridge технологиялық форумы аясында Digital Health Astana форумы өтеді (Astana IT University, С1 павильоны, Байланыс телефондары: +7 701 720 58 11).

10.00 – Жастар арасында президенттің кадрлық резервті қалыптастыру тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді. Шараға мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова, Қазақстан Республикасы президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл және тағы басқа мамандар қатысады (Қазақстан үкіметінің баспасөз орталығы, Аккредитация +7 (7172) 74 54 94 телефоны және press.kpm@mail.ru электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

11.00 – «Қазақтелеком» компаниясы Қазақстанда 5G коммерциялық желісін іске қосады. Шара Digital bridge технологиялық форумы аясында өтеді (Astana Hub IT-стартаптар паркі, Мәңгілік ел даңғылы, С3,5. Байланыс телефондары: +7 701 998 22 11, +7 701 99 00 545).

14.00 – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара әрекеттестігіне арналған баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады. Ол Мәскеу – Бішкек – Ереван – Минск – Нұр-Сұлтан видео көпір форматында өтеді. Мәскеудегі шараға РФ мемлекеттік думасының ТМД жөніндегі комитет төрағасы Константин Затулин, Ресейдегі Қырғызстан Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Әлікбек Жекшенқұлов, Ереванда Армения ұлттық жиналысы өңірлік және еуразиялық интеграция мәселесі бойынша тұрақты комиссияның төрағасы Микаел Мелкумян, Армения ұлттық жиналысының депутаты Алексей Сандыков, Минскіде Беларусь ұлттық жиналысы халықаралық істер жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Валерий Воронецкий, Нұр-Сұлтанда ҚР парламенті мәжілісінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің мүшесі Михаил Чирков қатысады (Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығы, Қонаев көшесі, 12/1, ВП-35. Аккредитация +7 701 512 08 15 телефоны және a.sultanova@sputniknews.com электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

14.00 – Коллекторлық қызмет жөніндегі заң жобасын жетілдіру тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылады (ҚР парламенті сенаты, Мәңгілік ел даңғылы, 2, кабинет 212. Аккредитация: +7 (7172)74 72 39, +7 (7172)74 72 27).

17.00 – «Америка мен Қазақстан… сіз ойлағаннан жақын» фотокөрмесі өтеді. Шараға ҚР ұлттық музейі директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы, Қазақстандағы АҚШ елшісі Уильям Мозер қатысады. Фотокөрмені «Qazaq Geography» мекемесі мен National Geographic Qazaqstan» журналы ұйымдастырады (Қазақстанның ұлттық музейі. Аккредитация imombaeva@kzmedia.kz электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

10.00 – Қазақстан-Беларусь бизнес форумы. Форумның ашылуына Беларусь Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары, сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның тең төрағасы Александр Турчин қатысады. («Radisson Hotel Astana» қонақ үйі, Сарыарка даңғылы, 4. Байланыс телефоны: + 7 777 999 94 42).

12:20 – Омыртқаға жасалған бірегей отаға арналған баспасөз-мәслихаты өтеді. Операция әлемде алғаш рет ұлттық нейрохирургия орталығында жасалған (Ұлттық нейрохирургия орталығы, Тұран даңғылы, 34/1).

19.00 – Камералық музыка кеші өтеді. Кеште романтикалық музыка жанрының өкілдері Франц Шуберт (1797-1828), Феликс Мендельсон-Бартольдидің (1809-1847) шығармалары орындалады. Сахнада скрипкашы Ермек Магавин, пианошы және «Астана Опера» оркестірінің әртісі Гүлжанат Жанатаева, виолончельші Курванжан Ахатов сынды Қазақстанның танымал музыканттар өнер көрсетеді («Астана Опера» театры, Қонаева көшесі, 1).

19.00 – «Теннис жұлдыздары Қазақстанда» атты қайырымдылық матч өтеді. Оған әлемдік деңгейдегі теннис жұлдыздары Рафаэль Надаль және Новак Джокович қатысады («Барыс Арена» спорт кешені).

АЛМАТЫ

17.00 — Доктор Комаровскийдің тегін дәрісі. Тақырыбы: «Оқушылар мен гаджеттер, баланың денсаулығын қалай сақтауға болады?» (Мұхтар Әуезов атындағы драма театры. Байланыс телефоны: +7 701 739 86 01).

18.30 – «Турандот» операсы қойылады (Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Қабанбай батыр даңғылы, 110).

19.00 – Post Drama Weekend шарасы өтеді. Онда жаңа форматтағы спектакльдер қойылады. Шара 4 күнге жоспарланған. Спектальде Мәскеу, Санкт-Петербор және Петропавл қалаларының әртістері өнер көрсетеді. Театр апталығы 27 қазанда жұмысын аяқтайды («АРТиШОК» театры, Гоголь көшесі, 40. Байланыс телефоны: +7 776 628 26 25).

25 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 – Voice оf Nur-Sultan» эстрада әншілерінің халықаралық фестивалі. Фестивальге Қазақстан, Ресей, Болгария, Украина, Грузия, Португалия, Қытай, Әзербайжан өнерпаздары қатысады. Фестивалдің хэдлайнері ретінде Қазақстанның танымал әртістері, оның ішінде The Limba, Райм және Артур, Ziruza, М’Dee, сондай-ақ «ТНТ» арнасындағы «Песни» жобасының жартылай финалисі Say Mo («Қазақстан» орталық концерт залы).

19.00 – Симфониялық оркестр «Гарри Поттер және Кариб теңізі» атты концерт береді («Астана» концерт залы).

26 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

18.00 – «Корсар» балеті қойылады («Астана Опера» театры, Қонаев көшесі, 1).

АЛМАТЫ

10.00 – Алматыдағы «Мысықтар әлемі» (WACC) фелинологиялық орталығы көрме ұйымдастырады. Шараға қатысушылар мысықтың 20 түрін көре алады. Көрмеге Thomas Anders (Дания) ижәне Петр Лацплес (Ресей) есімді мамандар сарапшы ретінде қатысады. Сондай-ақ шарада қояндар, кішкентай кірпілер, жанаттар, сирек кездесетін рептилиялар болады («Grand park» сауда үйі, Қабдолов көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 777 367 89 09).

18.00 – Халықаралық балет жұлдыздарының қатысуымен фестиваль өтеді. Шара аясында үш спектакль қойылады. Оның біріншісі – «Аққу көлі» балеті. 26-27 қазан аралығында Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында Берлин ұлттық опера театрының премьері Алехандро Вирелес, Ресейдің Михайлов театрының прима балеринасы, әрі Эйфман театрының солисі Светлана Бедненко сынды халықаралық балет жұлдыздары көрсетеді (Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Байланыс телефоны: +7 707 710 33 01).

27 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – World Electronic Sports Games 2019: Kazakhstan финалына іріктеу кезеңі өтеді. Қатысушылар Counter-Strike: Global Offensive, Dota 2, StarCraft II и Pro Evolution Soccer 2020 ойындарынан бақтарын сынайды. Жеңімпаздар 16-17 қарашада Алматыда өтетін WESG 2019: Mid Asia халықаралық турнирінде Қазақстанның намысын қорғайды.

World Electronic Sports Games — халықаралық ірі киберспорт чемпионаты. Оны Alibaba Sports компаниясы ұйымдастырады (Жекпе-жек сарайы, Қабанбай батыр даңғылы, 42).

29 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

14.00 – Halloween Day. Шараға қатысушылар «Монстрлар үйі» мультфильмін тамашалайды. Сондай-ақ арнайы кеш ұйымдастырылады (Қуыршақтар театры, Республика даңғылы, 3).

30 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 – «Музицируем вместе» атты концерті өтеді («Астана Опера» театры, Қонаев көшесі,1).

19.00 – Құрманғазы оркестрінің 85 жылдығына орай салтанатты концерт ұйымдастырылады. Шараға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері қатысады («Қазақстан» орталық концерт залы).

31 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 — «Париж Богемасы» атты опера қойылады («Астана Опера» театры, Қонаев көшесі,1).

19.00 – Әлемдегі италиян тілі апталағы аясында «Академия Солистов» мемлекеттің оркестрінің концерті ұйымдастырылады. Концерттің дирижері – танымал маэстро Михаил Кирхгофф. Сондай-ақ сахнада танымал италиялық пианошы Giuliano Mazzoccante өнер көрсетеді. Өнер сүйер қауым Ференц Лист, Антон Брукнердің шығармаларымен таныса алады. Концерт Қазақстан Италия елшілігінің қолдауымен өтеді («Қазақстан» орталық концерт залы).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz