22 жастағы қыз Ақмола облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болды — Қазақстан жаңалықтары

0

22 жастағы Самира Тайтенова Ақмола облысы әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшісі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол сонымен бірге AQMOLA — Adaldyq alańу жобалық кеңсесінің басшысы.

Тайтенова Самира Өмірбайқызы 1998 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Заңгер дәрежесі бар. Еңбек жолын «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Ақмола облыстық филиалында бастаған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы жемісті қызметі үшін ол бірнеше рет сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының алғыс хаттарымен марапатталған.

 

stan.kz