22, 23, 24 ақпанға арналған ауа райы болжамы

0

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Республиканың оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынды, көктайғақ, жел тұрады, орталық пен шығыста боран соғады деп күтілуде

НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. Синоптиктер 22-24 ақпан күндеріндегі ауа райына болжам жасады, сондай-ақ, бірнеше облыста дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазгидрометтің ақпаратынша, Орталық Азиядан республиканың орталығы мен шығысына белсенді циклон ығысады.

«Демалыс күндері республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашын, жаңбыр, жабысқақ қар, тұман, көктайғақ және қатты екпінді жел күтіледі. Қазақстанның орталығы мен шығысында оңтүстік циклон әсерінен қар жауып, боран және қатты жел соғады», – делінген хабарламада.

Циклон артынан Поволжья аудандарынан антициклон ығысады. Жауын-шашын тоқтап, күн аздап суытады. Ауа температурасы төмендегенмен, орташа көпжылдық мәннен 3…6°С жоғары болады.

Дабылды ескерту

Қазгидромет 22 ақпанда жеті облыста дабылды ескерту жариялады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлері мен Петропавл қаласында тұман күтіледі.

Қостанай облысын да тұман басады.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде жауын-шашын (көбінесе қар) болжанып отыр. Бұрқасындатып, тұман түседі, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с, Жарма аудынында екпіні 25 м/с жетеді.

Өскемен мен Семей қалаларында күндіз –  жабысқақ қар, бұрқасын, жолдарда көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15м/с дейін барады.

Батыс Қазақстан облысының кей аймағы мен Орал қаласында тұман күтіледі.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда наурызда ауа райы қандай болады

Жамбыл облысында кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан да күшейеді. Тұман, көктайғақ, бұрқасын болжанып отыр.

Қызылорда облысының басым бөлігінде түнде ауа райы жауын-шашынды (жаңбыр, қар). Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді.

Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей жерлерде түнде найзағай күтіледі. Тұман түсіп, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, түнде және таңертең екпіні 23-28 м/с жетеді.

Шымкентте түнде найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні түнде 25 м/с барады.

Түркістанда да жел тұрады, жылдамдығы 15-20, түнде екпіні 25 м/с күшейеді.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз