21, 22, 23, 24, 25 қазанда қандай шаралар болады: Нұр-Сұлтан, Алматы

0

Sputnik Қазақстан агенттігі 21 қазанда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 22-25 қазанға не жоспарланғанын біле аласыз

21 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – Парламент мәжілісіндегі үкімет сағаты. Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының білімі мен ғылымын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының алдын ала қорындысы». Баяндаушы – білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов (Мәжіліс үйі, Мәңгілік ел, 2. Байланыс телефоны: +7 (7172) 74 63 03).

15.00 – Парламент сенатындағы үкімет сағаты. Тақырыбы: «Қазақстан президентінің халыққа арнаған жолдауы аясында денсаулық сақтау саласындағы мақсат-міндеттер». Сондай-ақ, парламенттік тыңдаулардың қорытындысы қаралады. (Сенаттың мәжілісі залы, Мәнгілік ел, 2. Байланыс телефондары: +7 (7172) 74 72 39, +7 (7172) 74 70 27).

22 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 — «Astana–Violin» VIII халықаралық скрипкашылар конкурсы. Байқаудың салтанатты ашылуы сағат 17.00-де өтеді. Байқауға екі жас тобы қатысады – кішісі (10-15 жас) және үлкені (16-28 жас). «Astana–Violi» екі турда өтеді. Спектакльді скрипка мектебінің ең үздік өкілдері – Қазақстанның және шет елдердің беделді педагогтары бағалайды: Қазақстанның халық әртісі, ҚазҰӨУ ректоры Айман Мұсақожаева, КСРО халық әртісі, Мәскеу консерваториясының профессоры Эдуард Грач, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, Мәскеу консерваториясының профессоры Сергей Кравченко, Вена консерваториясының және Грацтағы музыка университетінің профессоры Борис Кушнир, Рихард Вагнер атындағы Вена консерваториясының профессоры Игорь Петрушевский. Конкурс аясында қазылар алқасының мүшелері шеберлік сабақтарын өткізеді. Байқау жеңімпаздары қорытынды гала-концертке қатысады (байланыс телефондары: 7 778 767 83 19, 7 707 118 71 05).

АЛМАТЫ

11.00 – Сбербанк Қазақстан басқарма төрағасы Александр Камаловтың БАҚ өкілдерімен кездесуі. Кездесуде банк басшысы Қазақстандағы экожүйенің дамуы туралы әңгімелейді, сондай-ақ 2019 жылдың қорытындыларымен бөліседі (Сбербанктің орталық кеңсесі, әл-Фараби көшесі, 13/1. Байланыс телефоны: 7 777 272 94 27).

23 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 — KazAgro/KazFarm халықаралық ауыл шаруашылық көрмесі өтеді. Көрме 25-қазанға дейін жұмыс істейді («Көрме» орталығы, байланыс телефоны: +7 701 705 04 16).

24 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 — «Атамекен» ҰКП съезі. Съезд жұмысына «Атамекен» ҰКП президиум төрағасы Тимур Кұлыбаев мен үкімет басшысы Асқар Мамин қатысады. (Тәуелсіздік сарайы, Тәуелсіздік даңғылы, 52. Байланыс телефоны: +7 (7172) 91 93 67).

19.00 – Классикалық музыка кеші өтеді. Кеште романтикалық музыка жанрының өкілдері Франц Шуберт (1797-1828), Феликс Мендельсон-Бартольдидің (1809-1847) шығармалары орындалады. Сахнада скрипкашы Ермек Магавин, «Астана Опера» оркестірінің әртісі Гүлжанат Жанатаева, виолончельші Курванжан Ахатов сынды Қазақстанның танымал музыканттары өнер көрсетеді («Астана Опера» театры, Қонаева көшесі, 1).

АЛМАТЫ

17.00 — Доктор Комаровскийдің тегін дәрісі. Тақырыбы: «Оқушылар мен гаджеттер, баланың денсаулығын қалай сақтауға болады?» (Мұхтар Әуезов атындағы драма театры. Байланыс телефоны: +7 701 739 86 01).

19.00 – Post Drama Weekend шарасы өтеді. Онда жаңа форматтағы спектакльдер қойылады. Шара 4 күнге жоспарланған. Спектальде Мәскеу, Санкт-Петербор және Петропавл қалаларының әртістері өнер көрсетеді. Театр апталығы 27 қазанда жұмысын аяқтайды («Артишок» театры, Гоголь көшесі, 40. Байланыс телефоны: +7 776 628 26 25).

25 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 — Voice оf Nur-Sultan» эстрада әншілерінің халықаралық фестивалі. Фестивальге Қазақстан, Ресей, Болгария, Украина, Грузия, Португалия, Қытай, Әзербайжан өнерпаздары қатысады. Фестивалдің хэдлайнері ретінде Қазақстанның танымал әртістері, оның ішінде The Limba, Райм және Артур, Ziruza, М’Dee, сондай-ақ «ТНТ» арнасындағы «Песни» жобасының жартылай финалисі Say Mo («Қазақстан» Орталық концерт залы).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz