2020 жылдың наурыз айына арналған жұлдыз жорамал – Қазақстан жаңалықтары

0

Наурыз айында ғаламшардың адамдарға әсері күшті болмақ. Тәтті қиялдың жетегінде кетіп қалмаңыз, әйтпесе ештеңе істей алмайсыз. Тіпті өз қалауыңызды визуализациялауға уақыт жұмсамаңыз. Мақсатты жүзеге асыру жолында нақты, ойластырылған жоспар бойынша іс-әрекетке жасаңыз. Егер өзіңіздің қолыңыздан келмейтінін сезсеңіз, достарыңызға арқа сүйеңіз. Stan.kz ақпарат агенттігі наурыз айына жұлдыз жорамал ұсынады. 

жұлдыз жорамал

Айдың бірінші онкүндігінде қарым-қатынасқа шектеу қою тиімді. Бұл уақытта келіссөздер жасамауға тырысыңыз. Отбасы мүшелерінің мүдделерін қозғайтын мұрагерлік және мүліктік мәселелерді шешуді де кейінге қалдырыңыз.

Наурыз айының екінші онкүндігінде өмірдің кейбір тосын жағдайладың айтып келмейтініне көз жеткізуіңіз керек. Қандай жағдайға тап болсаңызда сабыр сақтап, өз өзіңізді ұстай біліңіз. Эмоцияңызды ұстай біліңіз және бос болмакңыз. Есіңізде болсын, бәрі жақсылыққа.

Айдың соңғы онкүндігінде керемет әсерде жүресіз.  Концертке, көрмеге, спектакльге барудан бас тартпаңыз. Егер сіз шығармашылық мамандықтың өкілі болсаңыз, қызығушылық бойынша клубқа немесе басқа да осындай бірлестікке кіруді ойланыңыз. Сізді жылы қарсы алады, бірден жаңа достар тауып, айыңыз оңынан туады.

Балықтар

Өміріңізде кездескен әр адамды ұстаздай қабылдаңыз. Өсу және ішкі трансформация үшін энергия қажет. Наурызда сіз оны аласыз. Планеталар сыртқы және ішкі өзгерістерге итермелейді. Сенімді болыңыз, сіз гүлдену жолында тұрсыз!

Суқұйғыш

Интуицияңызға 100% сеніңіз! Наурыз айында жұлдыздардың сәтті орналасуының арқасында сіз адамдарды жақсы тани бастайсыз. Олардың өтініштерінің, кеңестерінің немесе ұсыныстарының артында шын мәнінде не тұрғанын түсіну үшін бір-екі сөйлесеңіз жеткілікті. Өз жақтастарыңызды дұрыс таңдаңдайсыз. Сонымен қатар кез келген мәселені шешуге көмектесуге дайын адамдарды табасыз.

Тауешкі

Қарым-қатынас шеңберін кеңейтіңіз! Айналаңызда әлемге ерекше көзқараспен қарайтын, өзгеше идеялы адамдар пайда болады. Олармен сөйлесудің бірегей мүмкіндігін жіберіп алмаңыз! Ал егер достасу мүмкіндігі туса, ең құнды көмбені таптым деп санаңыз. Бұл достық сіз тек пайдалы болмақ.

Мерген

Сәттілік серігіңіз болады! Наурыз айында «максимум бағдарламасын» орындау үшін айдың басында артық жүкті тастау қажет. Қоршаған ортаңызды тазалаңыз – пәтерде, жұмыс орнында қажетсіз заттардан құтылып, компьютерде пайдаланылмайтын папкаларды жойыңыз. Сонда сіздің «әуе шарыңыз» керемет биіктерге дейін ұшады!

Саршаян

Өмірдің сізге беріп жатқан нығметін алыңыз! Егер сіз өзіңіз туралы барлық жағдайды мәлімдегіңіз келсе, қазір дәл уақыт. Көп адамды мазалап жүрген сұрақты қоғамдық талқылауға ұсыныңыз. Олардың өмірін жақсартуға сізде мүмкіндік бар.

Таразы

Өзіңізбен өзіңіз болған уақыттан ләззат алыңыз! Наурыз айында достарыңызбен шулы отырыстарда болғаннан көрі, тыныштықты қалайсыз. Ойға, қиялға ерік беріңіз. Өзін-өзі дамыту бойынша әдебиеттер оқыңыз – және жан-жақты сұрақтарға жауап табасыз.

Бикеш

Армандаңыз! Олар орындалады! Құрметті қыздар, наурыз – сіздердің айыңыз! Сізге күш, қуат, шабыт және ынта береді. Осы айда мақсатыңызға көтеретін баспалдақ лифтке айналады.

Арыстан

Ақшаңызды ақылмен жұмсаңыз. Осы айда жұлдыздар сізге көп мүмкіндік береді. Ең бастысы материалды жағдайыңызды реттеуге мүмкіндік бар.Егер бас күшіңізді салатын болсаңыз, керек ақша тез әрі оңай келетін болады. Бірақ ескеретін бір жайт ақша қалай те келсе солай тез кетеді. Отбасылық бюджетке аса мұқият болыңыз. 

Шаян

Идеяларды іске асырыңыз! Ғаламшардың ықпалымен, наурызда ойшылдан әрекет адамына айналасыз. Айналадағы адамдары өз күштеріңізге сенімділікпен, табандылықпен таң қалдырыңыз. Наурыз – ірі жеңістер мен жетістіктер айы.

Егіздер

Жақын туыстарыңызбен қарым-қатынастан күш алыңыз. Осы айдың ұраны: «менің үйім – менің қамалым». Өз үйіңізде сенімді болғандай басқа еш жерде еркін сезіне алмайсыз.Сондықтан үй ішіне көңіл бөліп, тұрғын үйді жақсартып, интерьерді жаңартып, өзгерту енгізіңіз.

Торпақ

Көптен бері арманда жүрген ойыңызды жүзеге асырыңыз! Кейде өзімшілғ әрі өз рахатыңыз үшін өмір сүрудің еш жаманшылығы жоқ. Наурыз айында жұлдыздар осыны талап етеді! Өз қалауыңызды тыңдап, оларды орындауға тырысыңыз.

Тоқты 

Мүмкін еместің өзі мүмкін! Наурызда сіз үшін ғажайып сәттерге толы болмақ. Басқаларға қиын болған тапсырмаларды сізге оңай түседі. Барлық қойылған мақсаттарға қол жеткізесіз, тіпті одан да көп нәтиже күтуге болады. Өнімді жұмыс жасап, басшылықтың және әріптестердің құметіне ие болыңыз. 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз