2018 жылы хит болған цитаталар

0

1«Жарты әлемді Шыңғыс хан әскерімен жаулап алса, біз етпен және басқа да ауыл шаруашылық өнімдерімен жаулайтын боламыз».

A. Владислав Косарев, мәжіліс депутаты

B. Арман Евниев, ауыл шаруашылығы вице-министрі

C. Бақыт Хаменова, мәжіліс депутаты

2Қанша рет Батыстан келіп «біз сияқты демократия болыңдар» дейді. «Америкадағы сияқты, батыс сияқты [демократия] болыңдар» дейді. Біз – қазақпыз. Біз — америкалық, неміс, ағылшын емеспіз ғой. Онда
тұрған не бар? Біздің өзіміздің санамыз, тіліміз, дініміз, тарихымыз, дәстүріміз бар. Бір күннің ішінде мыңжылдық шаруаны аттап кетпейміз…

A. Дәурен Абаев, ақпарат және коммуникация министрі

B. Арыстанбек Мұхамедиұлы, мәдениет және спорт министрі

C. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті

3«[Жабай] өзеннің атауын өзгерту керек. Өйткені ол өзеннің мінезін білдіріп тұр. Жабай жабайы және басқаруға көнбейтін өзен дегенді білдіреді. Мүмкін бұл да жағдайды жақсартуға (көктемде болатын
тасқынды айтады – ред.) көмектесетін шығар».

A. Дариға Назарбаева, сенат депутаты

B. Владимир Божко, мәжіліс депутаты

C. Өмірзақ Шөкеев, ауыл шаруашылық министрі

4«Мен көзқарас тіл керек. Бірақ бірінші кластан қашан ол әлі жақсырақ тексеру керек. Неге десеңіз әр кішкентай бала… бір бала жақсы… Сол тіл жақсарады… Ал бір бала… өкінішке орай…»

A. Гүлжан Қарақұсова, мәжіліс депутаты

B. Данияр Ақышев, Ұлттық банк төрағасы

C. Владислав Косарев, мәжіліс депутаты

5«Қайым Мұхамедханов. Кім ол? Айтшы маған!
…Абайтану, Әуезовтану, басқа тану… Оның қандай Астанаға қатысы бар? Астанаға қатысы жоқ адамдардың атын өзгертіңдер».

A. Бақыт Сұлтанов, Астананың қазіргі әкімі

B. Әсет Исекешев, Астананың экс-әкімі

C. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті

6«[Президент] өзі шешеді. Сайлауға түсу туралы өзі шешім қабылдайды. Екіншіден, қалай болса да, сыртқы және ішкі саясатта президенттің соңғы сөзі біз үшін міндет болады».

A. Қасым-Жомарт Тоқаев, сенат төрағасы

B. Дәурен Абаев, ақпарат және коммуникация министрі

C. Қанат Бозымбаев, энергетика министрі

7«Президенттің тапсырмасын орындауға (үкіметте, парламентте қазақ тілінде сөйлеу туралы – ред.) бәріміз де тырысамыз. Ал енді орыс тілді ешкім әлі жойған жоқ. Ондай болмайтын да шығар. Басқа
тұрғындарымызды да сыйлау керекпіз».

A. Бақыт Хаменова, мәжіліс депутаты

B. Нұртай Сабильянов, мәжіліс депутаты

C. Дариға Назарбаева, сенат депутаты

8«Қалай жоспарлы түрде жүреді, егер осы 8 айдың қорытындысы бойынша ақша игерілмеген. Жоспарлы түрде игермей отырамыз ба сонда? Білесіз бе, [игерілмеген] 11 миллиард теңгеге 8 айдың ішінде қанша мектеп
салуға болады? 11 миллиардқа қанша километр жол жөндеуге болады? Қанша балабақша, қанша аурухана салуға болады?»

A. Бақытжан Сағынтаев, Қазақстан премьер-министрі

B. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті

C. Бауыржан Байбек, Алматы әкімі

9«Мердігерлер бөлінген қаражатты үнемдеймін деп жүргенде жолдан үймелі топырақ жасамасын деген ой. Осы сәтте айтпаса болмайтын тағы жайт бар. Ақпарат беттеріне сүйенсек, жол деген жең ұшынан жалғасқан
жымысқы ойға таптырмас анық дүние болып барады. Жол саламын деген мердігер компаниялар мен жол-көлік логистикасына жауапты тұлғалар жеті рет өлшеніп, бір рет кесілсе деген тілек бар. Әр қаражаттың артында елдің маңдай тері тұр».

A. Бекболат Тілеухан, мәжіліс депутаты

B. Бақытгүл Хаменова, мәжіліс депутаты

C. Арыстанбек Мұхамедиұлы, мәдениет және спорт министрі

10«Анда-мында шығып, «анау ұнамайды, мынау ұнамайды» дейді. Бір аймақта шыққан мәселені алып, шыр айналдырады. Бізде ондай да пресса (ақпарат құралдары-ред) бар. Мысалы, Шығыс Қазақстандағы тасқынды
естіп алып, бүкіл Қазақстан суға батып жатқандай шулады. Ондайларды [шу шығарғандарды] орнына қою керек».

A. Бақытжан Сағынтаев, Қазақстан премьер-министрі

B. Азат Перуашев, мәжіліс депутаты

C. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті

Барлық он сұраққа жауап берген жоқсыз

Дереккөз: Азаттық