20 қыркүйектен карантин қатаңдатыла ма – Айжан Есмағамбетова жауап берді

2

Еліміздің Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова 20 қыркүйектен кейін қатаң карантин шаралары енгізілетіндігіне қатысты қауесетке орай пікір білдірді

«Маусым-шілде айындағы ауруға шалдығумен қарағанда бүгінде елдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақты екендігін айта аламыз.

Мемлекеттік органдардың ақпаратын, яғни, ресми ақпараттарды ғана пайдаланыңыздар. Жиын өтіп, талқылаудан кейін қыркүйекте карантин енгізеді деп жүргендерге айтарым, мұндай ресми ақпарат жоқ. Барлығы да эпидемиологиялық ахуалға байланысты», — деді Бас санитар дәрігер.

Оның айтуынша, бүкіл елімізбен қатар әрбір өңірдегі елдімекендегі ахуалға күнделікті мониторинг жүргізіліп отырады. «Қабылданатын шаралардың барлығы да эпидемиологиялық ахуалға байланысты», — деп нақтылады Айжан Есмағамбетова.

Айта кетейік, бүгін елордадағы №6 қалалық емханаға ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цоймен бірге еліміздің Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова да келген болатын.

inform.kz