2 қыркүйекте болатын іс-шаралар: Нұр-Сұлтан, Алматы

0

Sputnik Қазақстан 2 қыркүйектегі маңызды оқиғалар мен іс-шараларға шолу жасайды. Сондай-ақ 4 қыркүйекке не жоспарланғанын біле аласыздар

2 қыркүйекке жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11.00 – ҚР парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді. Онда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдау арнайды (Мәңгілік ел даңғылы 2, байланыс телефоны +7 (7172) 74 68 44).

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасайды.

16.00 – Бокстан ұлттық құрама командасы әлем чемпионатына аттанбас бұрын ашық жаттығу өткізеді. 6 қыркүйек күні Қазақстан командасы Екатеринбургке ұшады. Әлем біріншілігі 7-21 қыркүйек аралығында өтеді (Боксты дамыту орталығы, Тәуелсіздік даңғылы, 1/2, e-mail: [email protected]).

4 қыркүйекке жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – II халықаралық мамандандырылған «Дентал ЭКСПО Астана 2019» көрмесі өтеді («Көрме» орталығы, Достық көшесі 3, байланыс телефондары +7 (705) 155 32 63).

16.00 – «1939 жыл. Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы» атты тарихи құжат көрмесі салтанатты түрде ашылады. Шараны Қазақстандағы Ресей Федерациясының елшілігі, Нұр-Сұлтандағы Ресейдің ғылым және мәдениет орталығы ұйымдастырады. Көрмеде сұрапыл соғыс туралы құнды тарихи құжаттар қойылады (ҚР Қарулы күштерінің әскери-тарихи музейі, Республика даңғылы 2, Аккредитация [email protected] электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

АЛМАТЫ

10.30 – Халықаралық қазақстандық құрылыс және интерьер көрмесі өтеді («Атакент» орталығы, Тимирязев көшесі, 42).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз