2-4 шілде күндері ауа райы қандай болады?

0

«Қазгидромет» РМК мамандары 2-4 шілдедегі ауа райына болжам жасады.

Синоптиктердің болжауынша, оңтүстікте ыстық басылды.

Қазақстанның оңтүстік өңірінде ауа температурасы 40 градустан  төмендейді, найзағай соғып, өткінші жаңбыр жауады. Бұл құбылыс оңтүстік Орал мен республиканың батыс аймақтарынан ығысатын атмосфералық фронттардың өтуімен байланысты болады. Солтүстіктегі облыстарға фронттармен бірге жоғарыдағы циклон ығысып, Қазақстанның көптеген аймағында жаңбыр, солтүстік және орталығының кей жерінде жаңбыр болады, – деп хабарлады “Қазгидромет” РМК мамандары.

Baribar.kz