19 тамызда қандай іс-шаралар өтеді: Нұр-Сұлтан, Алматы

0

Sputnik Қазақстан 19 тамыздағы маңызды оқиғалар мен іс-шараларға шолу жасайды. Сондай-ақ 20 тамызға не жоспарланғанын біле аласыз

19 тамызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – Ресей Федерациясы денсаулық сақтау министрлігі, Денсаулық сақтау саласын қадағалау федералды қызметі және «Ұлттық сапа институты» ФМБМ делегациялары Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының өкілдерімен кездеседі. Шара барысында РФ «Ұлттық сапа институты» бас директоры Игорь Иванов пен ҚР Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының бас директоры  Айнұр Айыпханова ынтымақтастық туралы меморандумға қол қояды. Ресей делегациясы денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыровпен кездеседі, Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығына, Нұр-Сұлтан мен Қарағандыдағы медициналық мекемелерге барады. («Нұрсәулет» бизнес орталығы, Иманов көшесі, 13. Аккредитация +7 (7172) 70 09 50 (вн.1117), +7 707 503 21 48 нөмірлері арқылы жүргізіледі).

АЛМАТЫ

09.00 – «Балалық шақ 2019» халықаралық мамандандырылған көрме өтеді. Көрме аясында жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелерге фестиваль ұйымдастырылады («Атамекен» халықаралық көрмесі, Байланыс +7 (727) 390 75 93).

20 тамызға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

10.00 — IceCream for Breakfast баспасөз таңғы асы. Балмұздақ саласының халықаралық сарапшысы,  «Шин-Лайн» компаниясының балмұздақ категориясы директоры Дмитрий Докин жазғы бизнес маусымды қалай өткізгенін, балмұздақ саласында қандай үрдістер пайда  болғанын және қазақстандық тұтынушылар қандай балмұздақты сүйіп жейтінін, сондай-ақ Қазақстандағы балмұздақ сатылымын арттыруға не әсер ететінін айтып береді. (Caffe del Teatro, Жамбыл көшесі, 51a, Опера театрының батыс жағында. Байланыс телефондары: +7 727 266 21 09,+7 708 166 22 06, электронды пошта: a.malaybekova@infores.kz).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz