18 тамызда қандай іс-шаралар болады

0

Sputnik Қазақстан 18 тамыздағы маңызды оқиғалар мен іс-шараларға шолу жасайды. Сондай-ақ 19 және 20 тамызда болатын оқиғалар туралы біле аласыз

18 тамызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – Спорт күніне орай бұқаралық велошеру өтеді. Шараға 16 жастан асқандардың барлығы қатыса алады. Спортшылар Қабанбай батыр даңғылынан Салтанат сарайына дейін, одан әрі Ұлы Дала көшесімен, Тұран даңғылының бойымен Орталық саябаққа дейінгі 14 шақырым қашықтықты басып өтуі тиіс. (Шара Қабанбай батыр даңғылынан (Салтанат сарайына қарама-қарсы) басталады. Байланыс телефондары +7 (707) 171 43 47).

11.30 — XII Қысқы қайырымдылық балына құрметті дебютанттарды іріктеу кастингі. Қысқы қайырымдылық балы – елорданың ауқымды шараларының бірі. («Болашақ» қоры, Қонаев көшесі, 12/1).

17.00 – Башқұртстан Республикасының 100 жылдығына орай «Йыйын» ұлттық мерекесі тойланады. Шараны Башқұрт Республикасы әкімшілігі, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен башқұрт этномәдени бірлестігі ұйымдастырады (Жетісу паркі, Байланыс телефоны +7 776 266 47 37).

АЛМАТЫ

08.00 — Tour of World Class Almaty 2019 жыл сайынғы веложарыс. Аталған шара осымен алтыншы рет ұйымдастырылады. Жарыстың бағдары Әл-Фараби даңғылымен, сондай-ақ Саин, Момышұлы мен Розыбакиев көшелерімен өтеді. Жеңімпаздар үш қашықтық – 14 шақырым, 34 шақырым және 57 шақырым бойынша анықталады. Жарысқа 850 велошабандоз қатысады. (Mega Center Alma-Ata орталығы. Аккредитация +7 (727) 311 51 85 мен +7 771 439 83 53 телефондары арқылы жүргізіледі).

10.00 – «Шымбұлақ» тау шаңғысы демалыс орнының 65 жылдығына арналған мерекелік шара. Алматы тұрғындары мен қонақтары үшін Қазақстанның мемлекеттік үрмелі аспаптар орекстрі, «Леприконсы» беларус тобы концерт қояды, ас мәзірі фестивалі және лазерлік шоу болады, сондай-ақ Samsung Kazakhstan команиясымен бірге ұтыстар өткізіледі. Мерекелік шара түнгі 23:00-де аяқталады («Шымбұлак» демалыс орны, байланыс телефоны +7 707 610 36 22).

19 тамызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – Ресей Федерациясы денсаулық сақтау министрлігі, Денсаулық сақтау саласын қадағалау федералды қызметі және «Ұлттық сапа институты» ФМБМ делегациялары Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының өкілдерімен кездеседі. Шара барысында РФ «Ұлттық сапа институты» бас директоры Игорь Иванов пен ҚР Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының бас директоры  Айнұр Айыпханова ынтымақтастық туралы меморандумға қол қояды. Ресей делегациясы денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыровпен кездеседі, Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығына, Нұр-Сұлтан мен Қарағандыдағы медициналық мекемелерге барады. («Нұрсәулет» бизнес орталығы, Иманов көшесі, 13. Аккредитация +7 (7172) 70 09 50 (вн.1117), +7 707 503 21 48 нөмірлері арқылы жүргізіледі).

АЛМАТЫ

09.00 – «Балалық шақ 2019» халықаралық мамандандырылған көрме өтеді. Көрме аясында жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелерге фестиваль ұйымдастырылады («Атамекен» халықаралық көрмесі, Байланыс +7 (727) 390 75 93).

20 тамызға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

10.00 — IceCream for Breakfast баспасөз таңғы асы. Балмұздақ саласының халықаралық сарапшысы,  «Шин-Лайн» компаниясының балмұздақ категориясы директоры Дмитрий Докин жазғы бизнес маусымды қалай өткізгенін, балмұздақ саласында қандай үрдістер пайда  болғанын және қазақстандық тұтынушылар қандай балмұздақты сүйіп жейтінін, сондай-ақ Қазақстандағы балмұздақ сатылымын арттыруға не әсер ететінін айтып береді. (Caffe del Teatro, Жамбыл көшесі, 51a, Опера театрының батыс жағында. Байланыс телефондары: +7 727 266 21 09,+7 708 166 22 06, электронды пошта: a.malaybekova@infores.kz).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz