18 мамырда болатын шаралар: Алматы, Нұр-Сұлтан

0

Sputnik Қазақстан 17 – 28 мамыр аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимінде ұйымдастырылды. Сонымен бірге, біз сізге жақын болашақта жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.   

18 мамырға жоспарланған шаралар

09.00 — Елбасы кітапханасының Халықаралық музей күніне арналған виртуалды көрмесі өтеді. Түрлі уақытта Нұрсұлтан Назарбаевқа сыйланған күмістен жасалған бұйымдар көрсетіледі (Көрме кітапхана сайтында электронды форматта көрсетіледі)

20.00 — «Астана Балет» театрының On Stage/Online жобасы. Театрдың пайда болу тарихы мен оның дәстүріне арналған. Бұл жолғы қонақ – театр хореографы Рикардо Амаранте. Дәрісті «Астана Балет» театрының Youtube-каналынан көруге болады.

21.00 – Онлайн режимде «Музейдегі түн». Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі жыл сайын 18 мамырда, Халықаралық музей күні, мерекелік акция өткізеді. Биыл карантинге қарамастан қазақстандықтарды мазмұнды бағдарлама күтіп тұр: бейнеэкскурсиялар, виртуалды вернисаж, бейнеконцерттер. Трансляция музейдің Facebook-тегі парақшасында жүргізіледі және 19 мамыр 02.00-ге дейін жалғасады.

21 мамырға жоспарланған шаралар

17.00 – Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры сахналайтын «Анна Каренина» спектаклінің трансляциясы.

27 мамырға жоспарланған шаралар

15.00 – Орталық коммунациялар қызметінде энергетика министрі Нұрлан Ноғаевтың халыққа есеп беру кездесуі. Кездесу онлайн режимде энергетика министрлігінің интернет-ресурсында, Facebook, Youtube желілеріндегі ресми аккаунттарында және «Хабар 24» телеарнасында трансляцияланады. Министрге мына нөмірлер арқылы сұрақ қоюға болады: 8(7172) 786862, 786958, 786884, 786887, 786886 немесе a.tazabekova@energo.gov.kz поштасы арқылы. БАҚ өкілдері өз сауалдарын zh.khamitkyzy@energo.gov.kz поштасына жолдауы тиіс.

28 мамырға жоспарланған шаралар

20.00 – «Астана Балет» театрының On Stage/Online жобасы. Театрдың пайда болу тарихы мен оның дәстүріне арналған. Шығарылым қонағы – театрдың жетекші солисі Фархад Буриев «Вальпургиев түні» бір актілі балетіндегі көркем образдар туралы айтады. Дәрісті «Астана Балет» театрының Youtube-каналынан қарауға болады.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz