17 жастағы студенттің жоғалуы: әкімге қатысты қызметтік тергеу жүргізілуде — Қазақстан жаңалықтары

0

17 жастағы студент жоғалып кеткеннен кейін Қостанай облысындағы ауылдық округ әкіміне қатысты қызметтік тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар, тәртіптік іс қозғалды. Алтынсарин ауданы Ілияс Омаров атындағы ауылдық округі әкімінің ұлы Қ.Н. Нұртасов «Шевроле Нива» маркалы қызметтік көлігін пайдаланғаны белгілі болды.

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті» Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы «Заңның және мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі нормаларының талаптарын сақтамау фактісі бойынша тәртіптік іс қозғалды және ішкі тергеу жүргізілуде», — делінген хабарламада.

Нұртасов 2004 жылдан бері әкім болып келеді. Алтынсарин ауданының әкімдігі оған жағымды сипаттама беруде.

Бұған дейін Қостанай облысында жұмбақ жағдайда студент Руслан Жуванышев жоғалып кеткені туралы хабарланған болатын. Жігіт өзінің туыстарына соңғы қоңырауды 28-29 сәуірге қараған түні жасады. Белгілі болғандай, сол күні Руслан достарымен бір күн бұрын орнатқан желілерді тексеруге барған.

Су қоймасында олар достарымен пикник жасап, алкогольді сусындарды ішкен. Олардың арасында ауылдық округ әкімінің баласы да болды. Куәгерлердің айтуынша, мас жастар күресуге дейін барған. Осыдан кейін Русланды ешкім көрмеді.

Жоғалған жігіттің әкесі Данияр Жуванышев тек бір факті ғана оны алаңдататынын мойындады. «Неліктен ауыл әкімі ұлын жасырады? Ол менің ұлымды іздеуге де қатыспады, бірақ өз баласына адвокат жалдады. Егер олар кінәлі болмаса, онда оларға адвокаттың не керегі бар», — деп сұрайды ер адам.

 

stan.kz