16 жасқа толмаған қазақстандықтар 1 қаңтарға дейін төлқұжат алуы тиіс — новости Казахстана

0

Келесі жылдан бастап Қазақстан заңнамасына өзгертулер енгізіледі. Ол бойынша еліміздегі әрбір баланың 16 жасқа дейін жеке төлқұжаты болуы керек деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Novostivmire.com

Фото: Novostivmire.com

Қазақстанда ата-аналар баласының жеке басын куәландыратын құжаты болмаса, оларды шетелге алып шыға алмайды.

Әлемдік қауымдастық құжаттық-визалық бақылауға қатысты ережелерді күшейтуді талап етіп отыр. Енді елімізде кәмелет жасына жетпеген балаларға да төлқұжат алу міндеттеледі.

Аталмыш шара терроризм және экстремизммен күресуге бағытталған.

Көптеген дамыған елдерде жеке тұлғаны сәйкестендіру жүйесі оны сандық суреттер арқылы анықтап, қол таңбасы мен көз торын сканерлейді.

Сондықтан балалар үшін төлқұжат алу ережесін енгізу АҚШ, Біріккен Араб Әмірліктері, мен Еуропа елдері қолданатын әлемдік қалыпты тәжірибе саналады.

Айта кетейік, шетелге шығу төлқұжатының құны 2018 жылы қымбаттаған болатын. Өткен жылы оны алу 9 076 теңге болса, қазір 19 40 теңгеге жеткен.