14 жасында зорланып ана атанған Қызғалдаққа баспана сыйлады – Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы облысы Райымбек ауданынын тұрғыны Қызғалдақ 14 жасында үш жігітке зорланған. Бүгінде ана атанып отыр. Жас анаға қайырымдылық қоры баспана сыйлады. 

«Асыл адам» және «Аманат» қайырымдылық қоры Қызғалдаққа баспана сыйлады. Қор атынан алғашқы жарнасы төленіп, 4 млн теңгеге баспана алып бермек. Үйді Қызғалдақтың өзі қалаған аумақтан таңдай алады.

Бұл хабарды естіген Қызғалдақ көз жасына ерік берді. Қайырымды жандарға алғыс айтты.

«Біз Қызғалдақтың жағдайын естіп, түнімен ұйықтай алмай, қалайда көмек қолын созуды жөн деп шештік. Жас ана баласымен бірге біреудің босағасында емес, өз үйінде тұруы керек. Сондықтан көмекке дайынбыз», – деді қор жетекшісі Айжан Ибраева. 

Бұған дейін Қызғалдақ өзін көрші ауылдың үш жігіт зорлап, жүкті еткенін айтқан еді. Тікелей эфирге хабарласқан жігіт бойжеткенді 3 емес, 40 шақты жігіт зорлағанын айтты. Баланы өмірге әкелсе де, кәмілетке толмаған шағында зорланса да ешкім айыпталмаған. Жауаптыларды жауапқа тарту, баланың әкесінен алимент өндіру мақсатында Қызғалдақ бағдарламаға келіп көмек сұраған болатын. Іс әлі сотқа жеткен жоқ. Қайта қаралып, тергеу жүрмек. Ал баланың әкесі отбасылы азамат болып шықты.

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз