13 жастағы тырнақ әрлеуші бала кәсібін дөңгелетіп жүр — Қазақстан жаңалықтары

0

Екібастұз қаласының 13 жастағы тұрғыны өз кәсібін дөңгелетіп жүр. Оның тырнақ әрлеумен айналысып, ақша таубына інісі себеп болған. Сәби үшінші қабаттан құлап кеткен. Содан бері төсек тартып жатып қалыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Астарлы ақиқат» бағдарламасына сілтеме жасап. 

бала тырнақ
«Мен тырнақ жасағанда ерекше ләззат аламын. Тырнақ жасауға екі жарым сағат кетеді. Ал өсіруге үш сағат. Маникюр қазір 1500 теңге тұрады. Сол материалға жетеді. Күніне бір клиент. Ал сенбі және жексенбі екі клиент болады. Арманы ең мықты, ең қымбат nail-мастер болғым келеді», – дейді Арулат Мұхаметқали.

Анасының айтуынша, Арулаттың тырнақ жасауға деген қызығушылығы кішкентай кезінен бастап оянған. 

«Екі күннен бері тоқтамай кісілер хабарласып жатыр. Мақтап та жатқандар бар. Дегенмен әртүрлі ойлар бар. Ол өз жұмыстарын Instagram парақшасында бөлісіп жүр. Бірде мерекелік шараға баруым керек болып қалып, үйге маникюрші қызды шақырған едім. Ол кезде Арулат 11 жаста. Қызға 3000-4000 ба төледім. Сол кезде Арулат «Мама, оған сіз ақша төлегенше мен өзім-ақ жасай саламын оны. Мен оқып алайын. Өзім-ақ жасап берем. Бірақ мерекеде ғана емес. Күнде әдемі болып жүресің» дейді. Мен басымды изе салдым. Бірақ бір жыл өткеннен кейін тырнаққа оқытамын деп сөз бердің ғой деп тұрып алды», – дейді анасы Сәния Рахимова

Алайда 12 жасар Арулатты ешкім тырнақ оқыту курсына алмапты. Тек оның талантын бір кісі ғана көре алған.

«Сөйтіп оқытатын кісі іздедім. Бірақ кішкентай баланы оқытуға құқұғымыз жоқ деп ешкім алмады. Арулат мұны естіп жылады. Содан бір Руфина деген кісіге барып, оны әрең дегенде көндірдім. Сөйтіп бір апта оқыды. Сабағына да, курсына да барады. Бір күні Руфина хабарласып «Сіздің балаңызда талант. Адамдарды қанша оқыттым, ол одан да жақсы істейді» деп айтты», – дейді анасы. 

Арулаттың тырнақ әрлеп, ақша табуына төсек тартып жатқан інісі себеп болған. Ол ақша жинап жүр екен. Кішкентай інісі сәби кезінде үшінші қабаттан құлап кетіпті. Аман қалғанымен, баланың денсаулығында кінәрат туған.

stan.kz