«13 млн ұрладым, баламнан бас тартамын» деп күштеп қолхат жаздырған: Алматы облысында қорлық көрген әйел өзіне қол салды – Қазақстан жаңалықтары

0

Тобылда полицей өзгенің өмірі үшін өз жанын берсе, Алматы облысында әйелін өлімге итермелеген тәртіп сақшысы жайбарақат жұмыс істеп жүр. Қапыда қызынан айырылған ана, күйеу баласының қорлығын журналистерге әшкерелеп берді.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Оның сөзінше, полиция қызметкері болып істейтін жігіт келіншегіне 13 миллион теңге ұрладым деп хат жаздырып, бүкіл әулеттің алдында масқаралаған. Тіпті баласынан да бас тартуға мәжбүрлепті. Бұған шыдамаған әйелі өз-өзіне қол салыпты.

Бір аптадан бері көзі жастан құрғамаған Ардақ Жақыбаева тұла бойы тұңғышынан айрылғанын айтады. Отасқанына бір жарым жыл болған 21 жастағы қызын құдалары желтоқсанның соңында үйінен қуып шығыпты. Ал 13 желтоқсанда Гүлмайса баласын дәрігерге қаратуға барған кезде күйеуі оны мәжбүрлеп «13 миллион теңге ұрладым, баламнан бас тартамын, некемді бұзамын» деген арыз жаздырып алады. Кешкісін оны ата-енесіне көрсетіп, әйелін масқаралаған. Мұндай қорлыққа шыдай алмаған Гүлмайса 14 қаңтарда өзіне қол салған. Өлер алдында күйеуіне өзі істемеген қылмысты мойындағанын айтып, өлуден басқа амал қалмағаны туралы хат жазып жіберіпті. Ал ата-анасынан кешірім сұрап, сәбиін аманаттаған.

«Үлгермей қалдық қой. Құтқарып та үлгермей қалдық. Білмедік. Әйтпесе ерте шығатын едім. Қарайтын едім. Үлгермей қалдық қой құтқаруға. Оның олай істейтінін білмедім ғой. Үлгермей қалдым ғой», – деді Марқұм Гүлмайса Жақыбаеваның анасы Адақ Жақыбаев. 

Гүлмайсаның туыстары қайғыдан жүректері қарс айрылып, аза тұтып жатқанда оның күйеуі мен қайын атасы мәйітханаға барып, мәселені өз пайдаларына шешуге талпынған көрінеді. Оны мәйітті алып барған жақындары суретке түсіріп алыпты.

«Электрошокпен күйдірген ізі бар дейді. Қолы көгерген, қысып ұстаған соның бәрі суретте. Ал заключениеде ондай жоқ дейді. Бұлар бізге мұның барлығын жазбаған десек, біз Талдықорғанға жібердік бір айда тексеріліп келеді деп айтып жатыр». Бір аптадан бері бірде-бір полицейдің келмегеніне ашынған туыстары аудандық полиция бөліміне барып, шу шығарды. Мардымды жауап ала алмаған соң ішіне басып кірді. «Неге ашылмай жатыр неге жауап бермейсіздер», – деді марқұмның әпкесі Кәмшат Жақыбаева.

Көп ұзамай тергеу бөлімшесінің басшысы келіп түсініктеме берді. Оның айтуынша тергеу амалдары қолға алыныпты. Бірақ әйелін өзіне қол салуға мәжбүрледі деген полицей куәгер ретінде танылып, жол полицияда жұмысын жалғастырып жүр екен.

«Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу деген. Орысша «доведение до самоубиство» дейді ғой. Сол баппен қылмыстық іс қозғалған. Барлық сараптамалар тағайындалды. Қазіргі тағда қорытындылары дайын емес. Қалай дайын болады қылмысимық іс бойынша заңды шешім қабылдайиыз. Күдікті болып танылған жоқ. Қорғануға құқығы бар ретінде куә ретінде жауап алынған», – деді Панфилов аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Айдар Абдрахманов. 

Ал марқүмның күйеуін де, қайын атасын да үйлерінен таба алмадық. Тілшілер келеді деген естіп жасырынып қалыпты. Ал Қоңырөлең ауылының тұрғындары Гүлмайсаның қайын атасы Аманкелді Тұмабаевтың шаруа қожалығына мал бақтыруға алып кеткен жігіттің де жұмбақ жағдайда көз жұмғанын айтуда. Таудан құлап кетті дегенге туыстары сенбейді. Үш айдан бері тергелген іс жабылуға таяу екен.

«Қазіргі милициялардың әңгімесі үш ай өтті. Істі жауып жатыр деп естиміз. Ол таудан суицид жасап ұшып кетті деген әңгімеге келтіреді. Менде оның суреттері де бар. Мына екі қолын мына жақтан қиған, кескен, тігілген енді. Таудан құлап кетіп. Ұшып кеткеннің өзінде де етекке түсуі ешқандай мүмкін емес», – деді марқұм Еділ Ботамбаевтың ағасы Бауыржан Ботамбаев. 

Ал, марқұм Гүлмайсаның артында ата-анасына аманаттап кеткен бес айлық ұлы қалды. Олар баланы күйеу баласы келіп тартып ала ма деп қауіптенуде. Іс насырға шаппау үшін бір қауым ел қол қойып ішкі істер министрі мен мемлекет басшысынан көмек сұрауда.

«Ең болмаса тірі кезінде қорғап ала алмадық қой, ең болмаса әруағы риза болсын қызымның», – дейді анасы.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз