13 мамырдан бастап қандай қалаларға әуе рейстері ашылады

0

Экономика

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Премьер-министрдің сайты үкімет ел экономикасының түрлі салаларын қалпына келтірудің жаңа шараларын қарастырғанын хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. 2020 жылдың 13 мамырынан бастап Шымкент, Ақтау, Орал, Жезқазған, Балқаш, Үржар және Зайсан қалаларына ішкі әуе рейстері ашылады, деп хабарлады премьер-министрдің сайты.

Сәрсенбі күні коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Жиын премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өтті.

«13 мамырдан бастап Шымкент, Ақтау, Орал, Жезқазған, Балқаш, Үржар, Зайсан қалаларына әуе рейстері ашылады», – деп жазылған ақпаратта.

Бұған дейін 13 қалаға әуе рейсі ашылған болатын: 1 мамырдан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан арасында; 5 мамырдан бастап Семей, Өскемен, Петропавл, Қызылорда; 11 мамырдан бастап Ақтөбе, Павлодар, Тараз, Қарағанды, Талдықорған, Көкшетау, Қостанай.

Төрт қазақстандық әуе компаниясы жұмыс істейді: Air Astana, FlyArystan, SCAT және Qazaq Air.

Тағы оқыңыз: Енді ұшақ жолаушыларынан коронавирус анықтамасы талап етілмейді



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз