12 жасар бала ғана аман қалды – видео  

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Ер адам бұрынғы әйелін, сондай-ақ 19 жастағы өгей баласы мен туған ұлын пышақтап тастады. Қанды қырғыннан отбасының бір ғана мүшесі – 12 жасар бала аман қалды

НҰР-СҰЛТАН, 4 желтоқсан – Sputnik. Татарстанда ер адам бұрынғы әйелін, үлкен өгей баласы мен туған ұлын пышақтап өлтірді. Он екі жасар жасөспірім қашып құтылған.

Әлеуметтік желіде «Россия 24» телеарнасы жариялаған видеодан жараланған баланың көмек шақыру үшін тәулік бойы жұмыс істейтін наубайханаға жүгіріп кіргенін көруге болады.

Дүкен қызметкерлері есеңгіреп қалған жасөспірімге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырған. Кейін бала ауруханаға жеткізілді.

Қайғылы оқиға Татарстанның Менделеевск қаласында болған. Үш рет сотталған ер адам бұрынғы әйелін, 19 жастағы өгей және екі жасар туған ұлын өлтірді, деп жазды РИА Новости. Тергеушілердің айтуынша, ер адам мас күйінде отбасы мүшелеріне пышақ салған.

Алдын ала мәлімет бойынша, қаскүнемнің 12 жасар өгей баласы ғана аман қалды. Қылмыс жасалған кезде ол өз бөлмесінің есігін іштен іліп алған. Кейін пәтердің терезесінен секіріп түсіп, оқиғаның мән-жайын хабарлаған.



sputniknews.kz